Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Энергетикалық үздік жобалар марапатталды

21 желтоқсан 2012, 12:21

Алматы Энергетика және байланыс университетінде «Шеврон» компаниясы мен «RESD» қоғамдық қоры студенттер мен магистранттар арасында бесінші республикалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігін арттыру жобалары байқауының нәтижесін жариялап, жеңімпаздарды марапаттады. Мұнда жеңімпаздар баяндамаларын оқып, энергия үнемдеу технологиялары жөнінде өз пікірлерімен бөлісті.
«Шеврон» компаниясының Үкіметпен жә­не қоғаммен байланыс жөніндегі бө­лімінің директоры Еркін Зікібаевтың ай­туын­ша, компания осы күні энергия үнем­деу мәселелеріне жіті назар аударуда. Бұл бай­қауды 2008 жылдан бері жүйелі түрде өт­кізіліп келе жатқан «Шеврон» ком­паниясы шығармашылыққа бейім жас­тардың басын қосып, олардың өнер­тап­қыш­тық қабілеттерін арттыруға жол ашу­да. Сондай-ақ байқау шығармашылық жас­тардың арасында бәсекелестік қана қа­лып­тастырып қоймай, энергияны үнемдеу жә­не табиғи ресурстарға қамқорлықпен қа­рау мәдениетін қалыптастыруда.
Былтыр Алматы энергетика және бай­ланыс университетінің студенттері «Электр жа­рығын тиімді түрде пайдаланатын ав­томаттандырылған энергияны үнемдеу жү­йесі» жобасы 1 орынды жеңіп алған бо­латын. Осы жоба атаулы компания та­рапынан қаржыландырылып, нәтижесінде Алматы қаласындағы қос бірдей мүмкіндігі шектеулі балалар мекемесінің аумағында күн батареясымен жұмыс істейтін энер­гия­ны үнемдейтін шамдар орнатылыпты.
Биыл қазылар алқасының назарына елі­міздің 14 жетекші жоғары оқу орны сту­д­енттері мен магистранттары қатысып, өз жо­баларын ұсынған. Байқаудың іріктеу ке­зеңінде 36 студент пен магистрант да­йындаған 29 жұмыс қарастырылыпты. Ма­гистранттың үздік жобасы аталымы бо­йынша 1 орын Қарағанды мемлекеттік тех­ни­калық университетінің магистранттары Қа­нат Өміртаев пен Нұржан Жағыпарға тие­сілі болса, үздік студенттік жоба ата­лымы бойынша 1 орынды Шәкәрім атын­дағы Семей мемлекеттік университетінің сту­денттері Ермек Мұсатаев пен Александр Про­цан иеленді.
Валерий ДВАРНИКОВ, Алматы энергетика және байланыс университетінің ғылыми-зерттеу секторының басшысы:
– Шараны өткізудегі басты мақсат – жастар шығармашылығын насихаттау, олар­ды өзге студенттер мен магис­трант­тарға үлгі ету. Сонымен қоса, бү­гінгі таңда электр энергиясын үнемдеу үл­кен мәселеге айналып отыр. Дамыған ел­дер электр энергиясын үнемдеу тұр­ғы­сынан бізден әлдеқайда алда кеткен. Біз де көштен қалмай, бұл мәселені жол­ға қоюымыз керек. Осындай игі істі қол­дап отырған «Шеврон» ком­па­ния­сына алғыс айтамын.