Нарық

Есептік тіркеусіз азаматтарға қарыз берген субъектілер мәжбүрлеп таратылады

  • https://paypong.ua/

    https://paypong.ua/

Есептік тіркеусіз азаматтарға қарыз берген субъектілер мәжбүрлеп таратылады. Бұл жайында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымованың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Кредиттеу нарығында бірыңғай реттеушілік аяны және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап агенттіктің реттеу аясына халыққа қарыз беретін барлық заңды тұлғалар &ndash онлайн кредиттеу компаниялары, ломбардтар және кредиттік серіктестіктер енгізілгенін атап өтеміз. Жұмыс істеп тұрған субъектілерді есептік тіркеудің шекті мерзімі 2020 жылғы 1 қыркүйекте аяқталды. 1 079 ұйым (барлық банктік емес ұйымдардың 33 пайызы), оның ішінде 650 ломбард, 202 кредиттік серіктестік және 227 микроқаржы ұйымы агенттікте есептік тіркеуден өтті», - деді ол.

 

Оның атап өтуінше, есептік тіркеуден өткен сәттен бастап барлық көрсетілген субъектілер пруденциялық нормативтерді, микрокредит беру туралы шарттарға қойылатын талаптарды, сыйақының шекті мөлшерлемелерінің шектеулерін сақтауға, қарыз алушылардың борыш жүктемесінің коэффициенттерін есептеуге және сақтауға, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі өзге де талаптарды сақтауға міндетті.

 

«Тіркеуден өтпеген 2 187 субъектіден 1 196 субъект әрекет етпейді, 744-і қызметін жалғастыруға ниеті еместігін, 247-сі жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері жоқ екендігін хабарлады. Азаматтарға қарыз беру қызметін агенттікте есептік тіркеусіз жалғастырған жағдайда, бұл субъектілер мәжбүрлеп таратылатын болады», - деді Мәдина Әбілқасымова.

 




Көрілген: 454    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.11.2020, 13:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31