Еуропалық Одақ енгізген эмбаргоға байланысты мұнай қымбаттауы мүмкін

09 маусым 2022, 15:34

30 мамырда Еуропалық Одақ жыл соңына дейін Ресей мұнайының теңіз импортынан біртіндеп бас тартатынын жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Шектеулер Ресейден экспортталатын шикі мұнайдың үштен бірін қамтиды. Аталмыш шаралар жазда күшіне енетінін ескерсек, мұнайға сұраныс артқанда баға да өсуі мүмкін дейді сарапшылар.

 

Бұл ретте ОПЕК елдерінің мұнай өндіруді арттыруға мүмкіндіктері шектеулі.

 

Ал әлемнің ірі экономикаларының өсімі баяуласа, бұл котировкаларға тежеуші фактор болуы мүмкін.

 

Еуропа елдері ресейлік мұнайдан бас тарта бастағаннан кейін, Brent және Urals алып-сатудағы баға айырмашылығын арттырды. Биыл наурыздан бастап спрэд орта есеппен барреліне 25 доллар болды. Бірақ бұрын айырмашылық шамалы болған.

 

Бұл Ресей ішінара сатып алушыларға қосымша шығындарды өтеу үшін өз мұнайын жеңілдікпен сата бастады деген сөз.

 

Қазақстан үшін котировкалардың өсуі, жақсы болары сөзсіз. Бұл ретте теңге нығаяды. Алайда теңгенің долларға шаққанда бағамы пандемияға дейнгі деңгейге жетпейді дейді RiskTakersKZ телеграмм-арнасы.