Нарық

Франция ЕО-ға жаңа сандық валюта шығаруды ұсынды

  • Фото: https://elevenews.com

    Фото: https://elevenews.com

Франция Еуропалық одақ құрамындағы елдерге ортақ цифрлық валюта шығаруды ұсынып, Facebook-тің Libra криптовалютасы одақтың қаржылық жағдайына кері әсер етеді деп мәлімдеді.


The Wall Street Journal басылымына Франция Қаржы министрі Брюно Ле Мэр:


«Біз ЕО ішінде де, одан тыс жерлерде де халықаралық транзакциялардың құнын төмендетудің және жылдамдығын арттырудың ең жақсы тәсілдерін зерделеуге тиістіміз. Сондықтан да мемлекеттік сандық валюта құру туралы ұсынысты Еуротоптардың талқылауын сұраймыз. Аталған жоба қазанда Уашингтонда өтетін ХВҚ-ның келесі отырысында қаралатын болады», – деді.


«Қазіргі жағдайда біз Еуроодақта Facebook шығарған Libra криптовалютасын қолдануға тыйым салуымыз қажет. Әңгіме тұтынушылардың қауіпсіздігі, еуропалық қаржының тұрақтылығы және ЕО мемлекеттерінің егемендігі туралы болып отыр», – деді ол.


Маусымда Facebook компаниясы Libra деп аталатын жеке криптовалютасын шығаратынын хабарлаған болатын.


Компания өкілдерінің айтуынша, сандық валютаны аудару телефонға мәтіндік хабарлама жіберу сынды оңай болады. Жаңа валютаның жұмыс істеуі ақпаратты сақтау құрылғысы жалпы серверге қосылмаған блоктық орталықсыздандырылған деректер базасының технологиясына негізделмек.


Reuters агенттігінің мәліметінше, Visa, Mastercard, PayPal және Uber-ді қоса алғанда, бірқатар ірі америкалық корпорациялар Libra басқаратын консорциум құруға $10 млн жұмсамақ.


Сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трамп, ұлттық банктердің бірқатар ресми өкілдері қаржылық операциялардың мұндай нысаны қауіпсіздікке кері ықпал етуі мүмкін деп қауіптенген.


qazaqtimes.com


 




 




Көрілген: 771    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.09.2019, 20:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31