Ғалымдардың еңбек ақысы қалай бағаланады?

Ғалымдардың еңбек ақысы қалай бағаланады?

Көптеген европа мемлекеттерінде ғалымдардың зерттеулері олар жұмыс істейтін институттарды институционалдық және грант жүйесі арқылы жанама қаржыландырылады. 

 

Ал, АҚШ-тың академиялық секторында мұндай практика көп таралмаған. Америкалық ғылымдар көбінесе жекеменшік қаржы қорын қалыптастыруға тырысады. Әртүрлі агенттіктерге тапсырыс беру арқылы қаржыландыру көздерін іздейді. Ғылыми зерттеу институттарын институционалдық қаржыландыруға болады. Мемлекет ғалымдардың жеке зерттеу жұмыстарын гранттар жүйесі арқылы қаржыландырады. Қандай қаржыландыру жағдайында ғылым тиімді және тезірек дамиды деген сұрақ туындайды? Мекемені қаржыландырудың артықшылығы ғалымдардың өз жұмыстарын жекеменшік жұмыс графигі бойынша ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Олар ұзақ уақыт бойы өздері маңызды деп санайтын зерттеу бағыттарымен айналысады. Қаржы іздестіруге кететін уақытты үнемдейді. Әкімшілік шығындары азаяды. Иституционалды қаржыландырудың осындай өз ерекшеліктері бар. Ең бастысы институттың зерттеу жоспары ұзақ уақыт бойы түзетіліп, толықтырылмайды. Көптеген иституттарда ғылыми жоспарды директор немес басшылықтағы топ менеджерлер құрастырады. Жас ғалымдар болашақтағы жоспарларын қоса алмайды. Оның үстіне мемлекет тарапынан кепілдік берілген қаржылық ресурстар жұмысқа деген стимулды төмендетеді. Сондықтан қаржыландырудың альтернативті әдістерін табу керек. Бұл әдіс ресурстарды бөліп тарату. Көптеген ғылыми жаңалықтар жас кезде жасалады. Егер жас ғалымдардың ғылыми жетістіктері болмаса оларға материалдық ресурстар қолжетімді болмайды. Олар басқа жаққа кетіп жұмыс істегісі келеді. «Утечка мозгов» - «ақылдың ағып кетуі» байқалады. Гранттар жүйесінің де өз артықшылығы бар. Алдымен, Peer-review тізіміндегі жоғарғы сапалы зерттеулер жасаған ғалымдарға көптеген ғылыми жарияланымдар ақпараты қолжетімді бола бастайды.


Грант жүйесінің тағы бір артықшылығы - өткен шақтағы жетістіктер болашақтағы жұмыстар да жемісті болатындығына кепілдік бермейді. Сондықтан, әрбір жаңа жобалық ұсынысты эксперттер мұқият қарастыра отырып бағалайды. Өткен раундта жеңілгендер, келесі раундта жеңімпаз болуы мүмкін. Сонымен қатар гранттық жүйе ғалымдарға өндіріске дайын ұсыныстар жасауға қаржылай демеу бола алады. Гранттар белгілі ғалымдармен қатар жас ғалымдарға да қолжетімді. Гранттық жүйе бойынша қаржыландыру институттарды қаржыландырудан гөрі икемдірек. Эксперттер штатының жұмысына ақы төлеп, басқа іс шараларды қаржыландырып тұру керек болғандықтан, институционалдық қолдау және гранттар жүйесі де қымбатқа түседі. Эксперттер кеңесіне қатысу ғалымдардың көп уақытын алады. АҚШ-тағы ғалым-химик гранттық ұсыныстар жасау үшін жылына 300 сағат жұмсайды. Ғалымдардың грант алған уақыт мерзімі ішінде аяқтауға болатын қысқа мерзімді жобаларды орындауға стимулы жоғарырақ. Сондықтан ұзақ мерзімдік болашағы бар жобалар жабылып қалуы мүмкін. Сәтті нәтижелерін тираждауға дайын ғылыми жобаларды грантқа ұсыну өте тиімді. Алынған қаржыны басқа жұмыстарға жұмсауға жол берілмеуі керек. Ғылыми өнім жасаудың шығынын түсіндіретін теория, жинақталған тәжірибе және ғылыми еңбектің материалды-техникалық базасы болуы қажет. Ғалымдардың еңбек нарығындағы шарттары мен еңбекке деген құлшынысын әлеуметтік және психологиялық өнімділіктің факторларын талдау негізінде ғана айта аламыз. Ғылыми қызметтің басқа саласындағыдай еңбек өнімділігін тікелей бағалау мүмкіндіктері шектеулі. Дамыған мемлекеттерде ғалымдарды және институттарды қолдау үшін гранттар жүйесі кеңінен тараған.


Ғалымдардың еңбек ақысының ставкасын қалыптастыру ғылыми статусқа, жеке ғылыми нәтижелерге байланысты қаржыны бөліп таратуды жеңілдетеді. Ғалымдардың еңбек нарығы бойынша мынадай қорытынды жасауға болады: біріншіден, ғалымдарды дайындау үшін ұзақ уақыт қажет, ол ұзақ мерзімде қалыптасатын процесс; екіншіден, ғалымдар еңбегінің сапасының критериі айқындалмаған; үшіншіден, ғылыми еңбектің жоғары квалификациясы, творчестволық сипаты, ерекше стимулдары бар. Айталық, технологтың еңбегінің нәтижесі жаңалықты алғашқы рет ашу мақсатына негізделген. Ал, ғалым ғылыми жұмыс нәтижелерін тезірек жариялауға асығады. Ал технолог ғылыми жұмысының нәтижесінен барынша көп қаржылай дивиденттер алғысы келеді. Тезірек практикаға, яғни нарыққа енгізуге асықпайды. Сондықтан алғашқы жаңалықтан барынша көп пайда тапқанда ғана келесі жаңалықты нарыққа енгізеді. Яғни ғалымның және технологтың еңбекке деген мотивациясы бір-біріне ұқсамайды. Жоғарыда келтірілген екі мысалдан, ғалымдар және технологтардың еңбегі сапасының критерилері әртүрлі екенін байқаймыз. Сондықтан, ғылыми зерттеулер жүргізетін ғалымдардың еңбек ақысын өтеуге негіз бола алмайды. Грант жүйесін және институционалдық қолдауды қатар пайдалану әрбір жүйенің кемшіліктерін азайтып, артықшылықтарын кеңінен іске асырады. Екі түрлі қаржыландыру әдістерінің комбинациясы, біріншіден, кейбір ғалымдардың ғылыми қызметінің нәтижесін ескеруге, екіншіден, тапсырыс берушілердің қызығушылығына сәйкес зерттеулердің басым бағыттарын таңдауға мүмкіндік береді.

Ләззат Сейтқазықызы Спанқұлова,
Экономика ғылымдарының докторы,
Алматы технологиялық университеті,

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста