Нарық

Газ құбырлары қауіп көзі ме?

  • Газ құбырлары қауіп көзі ме?

    Газ құбырлары қауіп көзі ме?

Жаздың соңы мен күздің басында газ қызметкерлері құбырлардың жылыту маусымына жарамдылығын тексеріп шықты. Негізінен облыс орталықтары, алыс-жақын елді мекендердегі 15 мың шақырымнан астам магистралды және тарату құбырлардың жай-күйі анықталды. Құбырлардағы шұрық-тесіктердің көптігі мамандарды алаңдатып отыр.


Газ құбырларындағы ақауларды анықтау үшін «ҚазТрансГаз» компаниясы бірнеше жылдан бері «ПЕРГАМ» атты мобильді лазерлік детекторды қолданып келеді. Бұл құрал жер бетіндегі, жер астындағы, үй-жайлар мен нысандардағы құбырлардан ауаға тараған метан газын дәл табуға қабілетті.


Бір айта кетерлігі тексерілген нысандардың басым бөлігі бюджет есебінен, әкімдіктердің тапсырысымен салынған инфрақұрылымдар. Демек, құбырлар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың (ТҮКШ) бақылауында. Басқша айтқанда, мемлекет меншігі. Міне, осы нысандардың жағдайы көңіл көншітпей тұр.



Бүгінгі таңда ПЕРГАМ құралы газдандырылған 6 өңірдік газ құбырларын сүзіп шықты. Бұл Атырау, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан облыстары Газ құбырлары, техникалық нысандар және тұрғын үй-жайлардан 5 мыңнан астам метанның ауаға тарау дерегі тіркелді. Кей жерлерде шоғырланып қалған газ көлемінің көптігі сонша, сәл ғана ұшқын үлкен қасіретке әкеп соғуы мүмкін еді. Дегенмен дер кезінде анықталып, шұғыл әрекет етудің арқасында қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.


ТҮКШ құзырындағы құбырлардың талапқа сай емес екендігі бұған дейін де талай айтылған. Ақау табылған газ құбырлары уақытылы дұрыс жөнделмегенғ қараусыз қалған және ең бастысы құрылыс кезінде сапа талаптары өрескел бқзылған. Мұның бәрі - қайта аршып, тексеру кезінде қойылған «диагноз».


Жергілікті бюджет есебінен салынған газ құбырларының сапасыз болуының бірнеше себебі бар. Бірақ ең бастысы – құбырларды уақытылы тексеріп, қажет болса жөндеп отыруға бөлінетін қаржының жеткіліксіздігі. Құрылыс кезінде жұмыстардың барысы дұрыс қадағаланбайтынын да ескеру керек. Міне осының барлығы құбырды пайдалану кезінде апаттарға әкеп соқтырады.


Мысал ретінде Түркістан облысы Сарыағаш және Төле би ауданындарындағы құбырдың жағдайын келтіруге болады. Ұзындығы бар болғаны 163 шақырым ғана болатын құбырдың бойынан тексеру кезінде 213 ақау табылған. Ташбұлақ, Уайымшыл, Сіргелі, Жаңақұрылыс, Қарабау, Дербісек және Ленгер ауылдарында газ ауаға тарап жатқаны, демек қауіптілік жоғары екендігі анықталды.


Осындай келеңсіздіктерді ескере отырып, газ саласы мамандары құрылыс, газдандыру нысандарын салу және пайдалану кезіндегі жауапкершілікті арттырмай жағдай түзелмейді деп отыр. Бұл мәселелерді заң жүзінде бекіту керек. Себебі газ өте қолайлы отын дегенімізбен, оның қауіп де өте жоғары. Газ жүйесінің қауіпсіздігі - миллиондаған отандасымыздың алаңсыз өмір сүруінің кепілі екендігін ұмытпаған абзал. 




Көрілген: 842    Пікірлер: 0

жұма, 25.10.2019, 12:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30