Нарық

Газ ұрлап түрмеге түсті

  • Газ ұрлап түрмеге түсті

    Газ ұрлап түрмеге түсті

Газбен жабдықтау жүйесіне рұқсатсыз қосылу, көгілдір отынды ұрлау қылмыстық құқық бұзушылыққа жататынын көп адам біле бермейді.

Түркістан облысы Түлкібас ауданы М.Жарымбетов ауылында кінәлі адамға ірі айыппұл салынып қана қоймай, қылмыстық жауапкершілікке де тартылды.

Бұл қылмыстық оқиға былай дамыды. Өткен жылдың қаңтар айында О. есімді азамат тұтынатын табиғи газ үшін ақша төлемеудің жолын тапқан. Өзіне және айналасындағыларға қауіп төнгеніне қарамастан, ол үйінің тұсынан өтіп тұрған газ құбырын екі жерден тесіп, оған темір құбыр, резеңке шланг бекітіп, "ҚазТрансГаз Аймаққа"  тиесілі газды заңсыз пайдалана бастаған.

Ең қызығы, ұрыны газ шаруашылығының мамандары екі рет ұстап, газбен жабдықтаудан ажыратқан. Бірақ азамат О. тағы да көрші газ құбырына заңсыз қосылып, көгілдір отынды ұрлап жағуды жалғастырды. Бір жыл ішінде осындай жолмен ұрланған газ көлемі 400 мың теңгеге жуықтаған

Ақыр соңында, қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жетті. Сот азамат О. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және оған бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Бұл ретте, сот газ таратушы мекеменің азаматтық талап-арызын толық қанағаттандырды.

Айта кету керек, көгілдір отынды ұрлау фактісінен басқа, тұрмыста газды пайдалану ережелерін бұзу ең ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Пайдалану ережелерін, қауіпсіздік техникасын сақтамай рұқсатсыз ойып қосу газдың таралуына, баяу жиналған жердегі концентрация артқан кезде жойқын жарылысқа әкелуі мүмкін. Оның салдары ауыр, тіпті өрт болып, адам өліміне соқтыруы әбден мүмкін.

 




Көрілген: 941    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.05.2021, 12:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31