Нарық

"Халық алдандық деп ойлауы мүмкін" - депутат зейнетақы ақшасына үй алу туралы

  • © Inbusiness.kz

    © Inbusiness.kz

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін баспана сатып алуға пайдалануға мүмкіндік беру туралы бастаманың заң жүзінде шикі екенін әшкереледі, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

- Әлі күнге дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұған қатысты берген нақты түсінігі жоқ па? Азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қалай тұрғын үй мен білім алу үшін пайдаланады? Мысалы, қазіргі уақытта талқыланып жатқан заң жобасы нұсқасында ол жағдайы бар адамдар үшін ғана мүмкін, яғни ер адамдардың зейнет жинағы ол үшін 8,2 миллион, әйелдер үшін - 10,1 миллион теңге болуы керек. Яғни, жинақтаған зейнетақы қаражаты осы шектен асқанда ғана оның бір бөлігін өз қажеттілігіне пайдалануға болады, - дейді депутат.

Бүгінгі таңда, оның айтуынша, бұл шектен зейнетақы жинағы асқан 90 мың адам, яғни ​​БЖЗҚ салымшыларының 1% -ынан да аз көлем.

- Айтылды, ел естіп, дәмеленіп отыр. Ал енді не болады, мұндай шешім халықтың көңілін су сепкендей басары сөзсіз. Оған сенімдімін. Көбісі өзін алдап кеткен секілді сезінуі мүмкін. Мұндай біржақты шешім болмауы керек деп санаймын. Сондықтан салымшының әр категориясына сәйкес шекті көлемді белгілеуді ұсынамын. Зейнетке шыққан жасына, табысына, зейнетақы алу құқығына, баспанасы бар-жоғына қарай икемдеп, бұл мөлшерді есептеудің бір жүйесін түзуді ұсынамын, - деді Аманжан Жамалов.

 




Көрілген: 1753    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.12.2019, 16:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31