Нарық

Халық банк ЛРТ құрлысына 500 млн доллар аудара ма?

  • Халық банк ЛРТ құрлысына 500 млн доллар аудара ма?

    Халық банк ЛРТ құрлысына 500 млн доллар аудара ма?

Арыстағы тұрғындарға қанша теңге аударылды? Халық банктің депозиеттері мен шағын бизнесті қолдау үшін қандай шаралар қарастырылған? Астанадағы ЛРТ құрлысына 500млн доллар аудара ма? Осы сауалдарға бүгін халық банкінің төрайымы Үміт Шаяхметова жауап берді.

«halik пен Qazkom-ның бірігуінің аса күрделі процесінің аяқталғанына бір жыл болды. 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында банк клиентке бағдарлау, клиенттерге қызмет көрсету сапасын және технологиялғын арттыратын цифрлық сервистер мен үрдістердің әрі қарай дамуына, транзакциялық банкингтің мүмкіндіктерін кеңейтуге назар аудара отырып, топтың жаңа даму стратегиясын жүзеге асыруға шоғырланған болатын. Сонымен біруақытта халық банк шекара сыртында да жоспарлы және нүктелі жылжып келеді. Атап айтқанда, көршілес Өзбекстан нарығының жаңа мүмкіндіктері мен переспективаларын пайдаланып келеміз, - деді Халық банк басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова.

Халық банк Арыстағы тұрғындарға 1,1 млрд тенге аударды. Арыс қаласындағы әр отбасына 100 мың теңгеден берді.

2019 жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша банкте 23 мыңнан астам қарыз берілген. 7 мыңнан астам қарыз алушыны қоса алғанда , 280 мыңнан астам ШОБ клиенттеріне қызмет көрсетіледі. ШОБ несиелік портфелі 512 млрд теңгені қүрады. Екінші жартыжылдықтан бастап портфельдің өсімі басталды. Бизнесті қаржыландыру көлемі бойынша Банк Қазақстандық нарықтың шамамен 39%-ын алады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы , 1,2және 3 бағыт.

Осы бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша қатысушы банктер арасында портфелдің көлемі 654,32 млрд тенге 3536 дана көлемінде бірінші орынды иеленіп отыр. Бағдарламаға кепілдік беру шеңберінде банк қол қойылған кепілдік шарттарының саны бойынша, сондай-ақ Қор кепілдігінің жиынтық көлемі бойынша да қазақстандық банктер арасында бірінші орында тұр. Осылайша оны іске қосқан сәттен бастап Халық банкінің клиенттерімен 1310кепілдік шартына қол қойылды. Бұл кепілдіктің жалпы көлемінің 23,3%-ын (5631) құрайды. Бұл 18,95 млрд теңгені немесе кепілдіктерінің жалпы сомасының 22%- ын құрайды.

Нұр-сұлтандағы LRT құрылсына біз Халық банкпен 500 миллилон доллар мөлшеріндегі үш пайыздық қарызбен келістік. Тағы 100 миллион доллар «Бәтерек» холдингінен алмақпыз. Бұл жұмысты осы жылы бастау үшін жеткілікті» - деген болатын Нұр-сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Осы жайлы және «халықтың депозиттеріне зияны тимей ме?» деген сауалдарымызға былай деді: «ЛРТ құрлысына әлі ондай сома да ақша аударыла қойған жоқ. Оны әлі ақылдасып жатырмыз. Нақты шешім шыққан жоқ. Және ол қаражат банктегі адамдардың депозиттерінен, алынбайды. Ол жеке адамның мүлкі болғандықтан оған қол соғушылық болмайды», деді банк төрайымы.
Алғабек Хамитұлы

Журналист

 




Көрілген: 756    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.08.2019, 11:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30