Нарық

Халықтың қарызы айлық табысынан екі есе көбейген

  • https://www.zakon.kz/

    https://www.zakon.kz/

Қазақстандық банктер банкрот болуы мүмкін бе? Халықаралық Moody’s агенттігінің сарапшылары 2020 жылдың соңына қарай біздегі банк секторы кезекті дағдарысты бастан өткереді деп болжапты.


Қазірдің өзінде халықтың қарызы айлық табысынан екі есе көбейген. Соған қарамастан, қаражаттан қысылса несиеге жүгінетіндер әлі де көп.


Мәселен, қазір 6 миллионға жуық отандасымыздың банк алдында берешегі бар. Оның жалпы сомасы 7 триллион теңгеге жетіп жығылады.


Әсіресе Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының, Қарағанды облысының тұрғындары кепілсіз тұтынушылық несиеге белшесінен батқан.


Ал Түркістан мен Солтүстік Қазақстан обылысының халқы банктерге мейлінше жоламауға тырысады екен.


Сондықтан сарапшылар оңды-солды несие беру тоқтатылмаса, екінші деңгейлі банктер құрдымға кетеді деген тұжырымға келіпті.


Халықаралық агенттіктің уәжін отандық экономистерде құптады.


Айта кетсек, сол екінші деңгейлі банктердің оңды-солды несие таратпау мәселесін қазір Ұлттық банк те қарастырып жатыр.


Расул Рысмамбетов, қаржы сарапшысы:


- Банктер төлем қабілеті төмен азаматтарға несие беруді азайтуы тиіс. Оның орнына бизнеске, кәсіпкерлік саласын дамытуға ақша бөлген абзал. Өйткені айлық табысымыз азайып барады. Халықтың несие төлейтін шамасы жоқ. Бұлай жалғаса берсе, соңы экономикалық дағдарысқа әкеледі.


 ktk.kz




Көрілген: 266    Пікірлер: 0

жұма, 08.11.2019, 12:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30