Нарық

Халықтың несие бойынша қарыздары тағы да кешіріле ме?

  • Халықтың несие бойынша қарыздары тағы да кешіріле ме?

    Халықтың несие бойынша қарыздары тағы да кешіріле ме?

Несиелік қарыздарды кешіру бойынша өткізілген акция бірнеше шартты ескере отырып қаралған болатын.
ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауында қазақстандықтардың жекелеген санаттарына берілген қарыздар бойынша қарыздарды есептен шығару туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ПӘ өтініштерді қарауды бақылау бөліміне қиын жағдайға тап болған азаматтар үшін несие бойынша қарыздық жүктемені төмендету туралы өтініштер түсіп жатыр. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2019 жылы бұл шара бір реттік негізде өткізілгенін хабарлаймыз, - делінген ҚР ПӘ Қоғамдық қабылдау комиссиясының телеграм-каналында.

Несиелік қарыздарды кешіру бойынша өткізілген соңғы ақция тек келесі шарттарды ескере отырып қаралған болатын:

- көп балалы отбасылар, асыраушысынан айрылуына байланысты төлемдер алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан мүгедектер, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толмай жатып ата-анасынан айырылған балалар;

- несие бойынша жалпы қарызы 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспайтындар;

- негізгі борыш пен оған есептелген пайыздардан тұратын қайтарылатын қарыз сомасы 2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша бір қарыз алушыға 300 мың теңгеден аспайтындар.

Аталған науқан 2019 жылы аяқталды, оның нәтижесі бойынша 554 мың адамға кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша жалпы 115 млрд теңге кешірілді. Жақын арада мұндай акцияны тағы қайталау жоспарланбаған, - делінеді. 




Көрілген: 2269    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.03.2020, 13:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30