Halyk Bank, CenterCredit, «Альфа-Банк» және «Сбербанк» жауапқа тартылды

29 қазан 2020, 11:28

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ағымдағы жылғы қыркүйекте жарнама материалдарына жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша төрт коммерциялық банкке қатысты шаралар қабылдады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Halyk Bank пен CenterCredit &ndash банктік қызметтер туралы жарнамада банк лицензиясының нөмірін және лицензияны берген органның атауын көрсетпеген. Екінші деңгейлі банктерге қатысты қадағалап ден қою сипатындағы ұсынымдық шаралар қолданылды.

«Альфа-Банк»&ndash сыйақы мөлшерлемесін шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеуде көрсету бойынша міндеттемені орындамаған, сол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Сбербанк» &ndash жариялау күні шындыққа сәйкес келмейтін жарнама материалын орналастырды. Банк әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Агенттік қаржы институттары ұсынған құжаттар мен ақпарат негізінде мониторинг жүргізді. Сонымен бірге жеке, заңды тұлғалардан және мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер есепке алынды. Бұдан басқа, сайттар, әлеуметтік желілер және банктердің мобильдік қосымшалары тексерілді, теле-, радиоарналардағы, қоғамдық көліктегі, мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама, сондай-ақ сыртқы жазбалар тексерілді.