Ибрагимова зейнетақы жинағын алуға асықпау туралы үндеуін түсіндірді

22 желтоқсан 2021, 16:56

"Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова жыл басында зейнетақы жинағын алуға асықпау керек деген үндеуін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіз ақпанда баспана бағасының қымбаттауына зейнеткерлердің толқуы себеп болғанын айттыңыз. Азаматтарды асықпауға шақырып, тұрғын үй нарығындағы бағаның тұрақтануын болжаған едіңіз. Сіздің ақыл-кеңесіңізді тыңдағандар бизнестен тыс қалды, өйткені баға көтеріліп, жеткілікті шек екі еселенеді. Енді асығу керек пе?" – деп сұрады журналист ОКҚ брифингінде.

 Ибрагимова сөзінен бас тартпайтынын айтты.

"БЖЗҚ-ға ақшасын қалдырған адамдар да дұрыс шешім қабылдады деп есептеймін. Әр адамның жағдайына қарау керек. Бұл сіздің бірінші баспанаңыз болса, әрине, оны алу керек еді. Менің кеңесімді пайдаланғандар аз, себебі, адамдар 1 триллион 700 миллиард теңгені алып үлгерді", - деп түсіндірді Ибрагимова.
Еске салайық, 2020 жылдың ақпанында Ибрагимова Қазақстандағы пәтер бағасының күрт өсуін зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігімен байланысты толқумен түсіндірді.