Нарық

Илон Маск бір тәулікте 14 млрд доллар байлығынан айырылды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Өткен тәулікте Америка кәсіпкері Илон Маск Tesla акцияларының төмендеуі салдарынан 14 млрд-қа жуық долларынан айырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Bloomberg Billionaires Index (BBI) сауда және индекс мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Осылайша, Масктің байлығы 13,6 млрд долларға азайып, 176 млрд долларды құрады. Кәсіпкер қазір әлемнің ең дәулетті адамдарының тізімінде Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безостан кейін екінші орында тұр.

 

Маск әлемнің ең бай адамдары тізіміндегі бірінші орыннан екі күн бұрын, 23 ақпанда айырылды. Бұл күні Tesla акцияларының құны 8,6 пайыз төмендеп, бизнесменнің дәулеті 15,2 млрд долларға азайды.

 

Bloomberg агенттігі бұған Масктің биткоин бағасы жайында берген түсініктемесі себеп болуы мүмкін екенін атап өткен.

 

20 ақпан күні Twitter пайдаланушыларының бірімен хабар алмасу барысында ол биткоин криптовалютасы мен эфириум бағаларын жоғары деп атаған еді. Илон Масктің осы айтқаны криптовалютаны құлауына әсер еткен болуы мүмкін», -деген болжам жасайды Bloomberg.




Көрілген: 1246    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 17:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30