Нарық

Интернет-алаяқтар енді Ұлттық банк қызметкері болып елді алдап жүр

  • Интернет-алаяқтар енді Ұлттық банк қызметкері болып елді алдап жүр

    Интернет-алаяқтар енді Ұлттық банк қызметкері болып елді алдап жүр

Интернет немесе телефон қоңырауы арқылы жасалатын алаяқтықтың түр-түрі кездеседі. Соның бірі туралы бүгін Ұлттық банк ақпарат таратты. Қаржы регуляторы алаяқтардың Ұлттық банк қызметкері болып, жұртты алдап жүргенін ескертеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ақша жымқыру мақсатында азаматтардың жеке деректеріне ие болу үшін Ұлттық банктің қызметкері ретінде телефон шалатын алаяқтардың көбейе бастады. Қастық ойлағандар телефон арқылы байланысқан кезде банк шотының нөмірлері мен несиенің бар-жоғы туралы ақпаратты сұрайды. Сонымен бірге «техникалық мониторинг» мақсатында деген желеумен азаматтардан төлқұжат деректерін, атап айтқанда, ЖСН мәліметтерін білгісі келеді. Алаяқтар, сонымен қатар тексеру үшін деп шот ашуды немесе тестік-режимде несие алуға өтініш беруді және үшінші тараптың шотына ақша аударуға үндейд», - дейді ҰБ-дан.
Қаржы регуляторы «ақша жіберіңіз» деген электронды хаттар мен белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға жауап бермеуге кеңес береді. Белгісіз банк шоттарының реквизиттері көрсетілген аяқ асты ақшаға тап боласыз деген хабарлама немесе телефон қоңырауы көбінесе алаяқтардың әрекеті болып шығады.

«Ұлттық банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысу мен мәмілелер жасамайды. Ұлттық Банкте шоттарды тек қана Ұлттық Банктің, екінші деңгейлі банктердің, шектеулі заңды тұлғалардың операцияларын есепке алу үшін ашылады. «Ұлттық банктен» ақша аударыңыз деген сипатта күмәнді хат келсе немесе қоңырау түссе, құқық қорғау органдарына арыз беру керек», - делінген хабарламада.




Көрілген: 653    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.12.2021, 02:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31