Ипотекалық тұрғын үй алматылықтар үшін маңызға ие
Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысында Тұрғын үй саясаты саласында бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев нұротандықтарға Алматы қаласының жастарын қолдаудың Жол картасы шеңберінде жас алматылықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы жеңіл кредит беруге 10,0 млрд теңге қарастырылғанын хабарлады.
Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға келетін болсақ, ағымдағы жылы «Алматы тұрғын үй» ЖШС жарғылық капиталын 2,2 млрд теңгеге ұлғайту жоспарланған. Серіктестік 160 жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді және 138 тұрғын үйде 300 лифт жабдығының жиынтығын ауыстыруды жоспарлап отыр.