Нарық

Ипотеканың алғашқы жарнасын алып тастауды қажет - Зағипа Бәлиева

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

Парламент мәжілісінің депутаты Зағипа Бәлиева 2 проценттік ипотеканың алғашқы жарнасын алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Депутат атап өткендей, бүгінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "Бақытты отбасы" бағдарламасын қолға алды. Соның аясында көпбалалы, толық емес және мүгедек баласы бар отбасыларға 2 проценттік баспана кредиті беріледі. Бірақ ол үшін 10 процент көлемінде алғашқы жарнаны салу қажет.


"Осы уақытқа дейін небары 3 000 өтініш түскен екен. Неге? Себебі 10 проценттік алғашқы жарнаны бәрі бірдей тауып бере алмайды. Банк алғашқы жарна адамның төлем қабілеттігі үшін керек дейді. Ерлі-зайыптылар жалақы туралы анықтаманы көрсетсе, жетпей ме? Мәселен, астанада көпбалалы отбасы жалдамалы пәтер үшін 40-100 мың теңге төлейді. Одан да алғашқы жарнасыз кредит алып, ол ақшаны соған жұмсаған тиімді емес пе?", - деді Бәлиева бүгінгі үкімет сағатында.


Депутаттың сөзіне қарағанда, бүгінде алғашқы жарнаны көпбалалы отбасы былай тұрсын, жас отбасының өзі жинай алмайды. Сондықтан халықа сеніммен қарап, 2 проценттік ипотеканы алғашқы жарнасыз берген дұрыс. Сонда осы бағдарламаға сұраныс та артады.


"Мен өзім есептеп көрдім. Мысалы, жергілікті жерде 10 миллион теңгені 20 жылға алғашқы жарнасыз беретін болсақ, онда ай сайын 58 332 теңгені аудару керек. Ондай ақшаны кез келген отбасы төлей алады. Көпбалалы отбасы болсын, мүгедек баласы бар отбасы болсын, барлығы оңай төлей алады. Ал Нұр-Сұлтан қаласында кредитке 15 миллион теңге берілсе, ай сайын 87 500 төлеу керек. Ол да қиын емес", - деп атап көрсетті Бәлиева.


Осы орайда депутат "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатыса алатындардың қатарына жас отбасыларды да қосуды ұсынды.


 


 


 




Көрілген: 718    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.10.2019, 15:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31