Нарық

Иран Қазақстанда аяқ киім фабрикасын ашуға ниетті

  • © 24.kz

    © 24.kz

Қазақстанда өңделмеген теріні шетелге шығаруға ресми тыйым салынған. Бірақ осыған қарамастан біздің ел Иран үшін келешегі зор әріптес болып саналады.


Себебі Тегеран көп жылдан бері Қазақстаннан осы шикізатты алып, өңдеп қажетті материал немесе дайын өнім ретінде сатумен айналысып келген. Сондықтан ақпан айындағы шарадан кейін қазақстандық шикізат көлемі азайғанымен екі жақты серіктестік қайта жалғасын табады деген үмітте.


Иран былғары өндірісінде әлемдегі үздік үштік қатарына кіреді. Елде таза былғарыдан жасалған өнімдерге сұраныс өте жоғары. Бірақ шикізат жетіспейді. Бұған аймақтағы мал өсірумен айналысатын шаруашылықтардың аздығы себеп.


Ал Қазақстан бұл мемлекетке шикізат жеткізуші елдердің бірі. Сондықтан да ирандық бизнесмендер болашақта Қазақ елімен ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсіп, елімізде ортақ былғары аяқ киім тігу зауытын ашуға ниетте.


Моджтаба Хосейни, «Dorna» тері өңдеу зауытының басшысы:


- Иранда тері өте аз. Теріні осында сатып алып, одан аяқ киім тігу тиімсіз. Елде тері тапшылығы болғандықтан, сәйкесінше оның бағасы да қымбат. Бірақ бұл мәселеде бізге Қазақ елі көмекке келіп отыр.


Қазір Иран мен Қазақстанның бірлескен аяқ киім өнеркәсібінде тек бұзау терісі ғана қолданылуда. Бірақ келешекте тараптар қой терісін жеткізу жағын да жоспарлап отыр. Иран бизнесмендерінің қой терісінен аяқ киім тігіп, оны ішкі және сыртқа нарыққа шығаруда үлкен тәжірибелері бар.


Ахмад Агазадех, былғары өнімдері дүкенінің сату бөлімінің директоры:


- Иран өзінің жоғары сапалы былғары дүниелер жасайтынымен көпке мәлім. Ал Қазақстан болса мұқым жұртқа теңдессіз талғамымен танылған ел. Сондықтан алдағы уақытта да біздің мүддеміз бір жерден шығуы әбден мүмкін. Бүгінде Иранда санкция салдарынан ел аумағына жаңа жабдықтарды жеткізу бойынша біршама қиындықтар бар. Дегенмен, ол өнім сапасына ешқандай әсер етіп жатқан жоқ. Ал Қазақстан аяқ киім тігу ісін толық түсінетін сенімді серіктесіміз болып табылады.


Қазіргі таңда «вет блу» терісін импорттауға басымдық берілген. Бұл материалды тігу алдында ол тағы да бір рет хроммен өңделіп, илеуден өтеді. Нәтижесінде осы материалдан жасалған туфлилер көкшіл реңкке ие болады. Бұл иран мен шетелдік сәнқойлардың қызығушылығын арттырса керек.


Сондықтан болашақта алдымен аймаққа шикізат жеткізу бойынша ынтымақтастықты нығайту мен дайын өнімді сату нарығын ұлғайту көзделіп отыр. Бұл жағынан Қазақстан ирандық кәсіпкерлер үшін негізгі серіктес саналады.


24.kz


 




Көрілген: 513    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.08.2019, 20:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31