Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

IV экономикалық форумнан нендей ой түйдіңіз?

05 мамыр 2011, 12:21


Амангелді АЙТАЛЫ, қоғам қайраткері:
— Бұл форумға келген шетелдік ғалымдар біздің экономикамызды терең біледі, ақыл-кеңес береді деп айта алмаймын. Олар көбіне мақтаудан аса алмайды. Тек жаһандану тұр­ғысынан, ғаламдық тұр­ғы­дан ғана кеңестер бе­реді. Алайда олардың кеңес­терінде еш негіз жоқ деуге де болмайды. Ол ғаламдық тұр­ғыдан алғанда өте маңызды. Ал ішкі жағынан келгенде, біз­дің ішкі формамызбен үйлесе бермейді.
Жалпы, ешқандай ауруды емдеудің ортақ диагнозы жоқ. Әр аурудың емдеу тәсілі ерекше. Сол секілді бізге нақты ерекше ұсыныстар қажет. Осал тұстарымызды өзіміз ғана білеміз. Маркетинг жүйесін өзіміз жүргізуіміз керек. Ал біздің жүйе – нақты экономикаға негізделген жүйе.
Форумда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев резерв қаржы жүйесін енгізуді тағы ұсынды. Бұл өте маңызды ұсыныс еді. Себебі дағдарыс кезінде АҚШ доллары сенімді қаржы жүйесі бола алмады. Өз позициясын сақтай алмады. Алайда бұған АҚШ өкілдері «долларсыз күн көре алмайсыңдар» дегендей пікір білдіріп отыр. Себебі бүгінгі таңда күллі қаржы айналымының 63 пайызы – доллар. Біз сол себепті қазір доллар құрсауынан шыға алмаймыз.


Ғарифолла ЕСІМ, Парламент Сенатының депутаты:
– Бұл экономикалық фо­рум­ның қа­зақ­қа ең басты берері: әлемдегі эко­но­микалық, қаржылық, ша­руа­шы­лық мәселелерден жан-жақты хабардар боламыз. Форумға қатысқан адам­дар осал емес. Әлем­дік экономиканы, қар­жы­лық жүйені жақсы білетін адамдар. Ішінде бірнеше Но­бель сый­лығының иегері келіп отыр. Біз жеке бір аралда өмір сүріп жатқан ел емеспіз. Барлығынан хабардар болып отыр­масақ, болмайды.
Екіншіден, 2007 жылы әлемдік қаржы дағдарысы басталды. Бұл өзі лек-легімен келіп отыратын ғаламдық үрдіс болып отыр. Одан жуық арада адам баласы құтыла қой­май­ды. Ол мүмкін емес. Сондықтан ұлт­тық экономикалық жүргізу тәсілдері іздес­тірілуі керек. Мұндай тәсілді халық­аралық деңгейде ұйымдастырылған осындай жиындардан табамыз. «Әр мемлекет өз бетінше шаруашылығын қалай жүргізуі керек» деген сауалға жауап аламыз.
Үшіншіден, әр ел өзінің ұлттық экономикалық, қаржылық саясатын жүргізген кезде ол міндетті түрде өзге елдің саясатына килігеді. Онсыз болмайды. Қазір біз Кедендік одаққа кіріп жатырмыз. Одан әрі Батысқа шыққалы отырмыз. Біздің тауарларымыз дүниежүзін аралап кетуі керек. Біз осы кезде қандай қадамдар жасағанымыз жөн? Осыған дайын болуымыз қажет. Форумда біз осыны үйренеміз.
Бұл форумның жыл сайын өтуі отандық экономистердің деңгейін өсіріп, тағы бір мәрте сараптап аламыз. Сонымен қатар форумда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі жақсы көтерілді. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы өнімдері ешқашан арзандамайды. Тек биотехнологиялық жолмен алынған өнімдер болмаса, табиғи өнімдер бағасы төмендемейді. Осы жайтты пайдалана отырып, еліміз өзіне ыңғайлы жағдай жасап алуы тиіс. Біздің ұлан-ғайыр даламыз осы салаға бейімделуі тиіс. Аграрлық саланы өте күшейту керек.


Айдос САРЫМ, саясаттанушы:
– Экономикалық форум өткен соң, қазақ үшін қой үстіне бозторғай жұ­мырт­қалаған заман туа қалады деп айтуға болмас. Ең алдымен мұн­дай маңызды жиындар елдің имиджі үшін қажет. Тұңғыш рет Қазақ еліне алты бірдей Нобель сыйлығының иегері келіп, өзінің экономикалық тұрғыдағы пікірлерін ортаға салып отыр. Яғни осы арқылы қазақ елінің көптеген жобасы әлемге танылады деген сөз. Ал мұндай шетелдік ірі тұлғалардың келуі Қазақстанға деген құрмет болып табылады.
Жалпы, осындай үлкен форумдар өтіп, шетелдік мамандар мен отандық кадр­лардың, лауазымды тұлғалар­дың, министр­лердің өзара танысып, ара­ласуының өзі үлкен жобаларға есік ашады. Тың бастамаларға негіз болады. Жалпы, өз басым кез келген ғы­лы­ми, экономикалық жиын болсын, тұшым­дылығы ондағы адамдардың сөй­леген сөзінде емес, оған қатысқан ма­мандардың ақылдасуы, өзара ара­ласуы маңызды деп санаймын. Сон­дықтан мұндай жиындардың өтіп тұр­ғаны дұрыс. Бұл форумға бір емес, алты бірдей Нобель иегерінің келуі форумның жоғары сапада өткенін көрсетеді деп ойлаймын.