Нарық

Израильде әр балаға 140 доллардан ақша берілмек

  • Израильде әр балаға 140 доллардан ақша берілмек

    Израильде әр балаға 140 доллардан ақша берілмек

Елдегі егде жастағы тұрғындарға да қаржылай демеу көрсетіледі.

Израиль үкіметі халыққа көмек ретінде қазынадан 400 млн доллар қаржы бөлді. Енді әр бала үшін 140 доллардан берілетін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда, әлеуметтік көмек бір отбасы үшін 600 доллардан аспауы керек. Елдегі егде жастағы тұрғындарға да қаржылай демеу көрсетіледі. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл шараларды «мерекелік сыйлық» деп қабылдауды сұрап, «алдағы күндегі болатын барлық діни мерекелерді әр отбасы өз үйлерінде қарсы алуы керек» деген үндеуін жариялады.

Айта кетейік, бүгінде Изарильде 6 мыңнан астам адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырған. 26 тұрғын осы дерттен көз жұмды. Елде жарияланған карантиннің кесірінен аймақта жұмыссыздық деңгейі 24 процентке артты.

"Қоғамдық орындарда әрбір азамат маскамен жүруге міндетті. Ол болмаса, вирустың таралуын тежеу үшін тым құрғанда беттеріңді орамалмен жауып алыңдар. Алдағы күндері барлық діни мерекелерді әр адам бір шаңырақ астында тұратын өз отбасымен қарсы алсын", - Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 




Көрілген: 161    Пікірлер: 0

жұма, 03.04.2020, 09:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31