Нарық

«Жалақым 750 мың теңге» - СК-Фармация төрағасы

  • «Жалақым 750 мың теңге» - СК-Фармация төрағасы

    «Жалақым 750 мың теңге» - СК-Фармация төрағасы

Келесі кеңес отырысында Ерхат Есқалиевтің жалақысы тағы өсуі мүмкін.
«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының жалақысы алдағы кеңесте бекітіледі. Ал әзірге компания басшысының жұмысы үшін 750 мың теңге төленеді екен. Бұл туралы компанияның басшысы Ерхат Есқалиевтің өзі айтты, деп хабарлайды zakon.kz сайты.

«Жалақым 750 мың теңгеден басталады, бірақ жұмысқа кіріскеніме бір ай болған жоқ әлі, жалақымның деңгейін келесі кеңесте бекітуіміз керек», – деді ол.

Оның сөзінше, компанияда әкімшілік шығындарды қысқарту жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр. Соның нәтижесінде аренда шығындарын 10% және жекелеген алаңдар санын 20%-ға қысқарту жоспарлануда.

Бұрын тек қана мемлекеттік медициналық мекемелерге дәрі-дәрмек жеткізетін «СК-Фармация» енді бөлшек саудамен айналысатын дәріханалар желілерімен жұмыс істемек ниетте.

«Шекті бағаларды Денсаулық сақтау министрлігі реттейді. Біз өз бағаларымызға логистика мен сақтау шығындарын ғана қоспақпыз. Біз өз бағаларымыздың құралуын ашық көрсетуге тырысудамыз, біз үшін бастысы – қажет жерлерде дәрі-дәрмектің жеткілікті көлемде болғаны. Бұл жерден ақша табу мәселесі қарастырылмайды. Жұмыс тобы аясында осы мәселелерді реттеуге тырысамыз», – деді Есқалиев. 




Көрілген: 564    Пікірлер: 0

жұма, 07.08.2020, 19:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31