Нарық

Жалақыны жыл сайын инфляцияға сай өсіру керек - Кәсіподақ өкілдері

  • Фото: zakon.kz

    Фото: zakon.kz

Еңбекақыны жыл сайын міндетті түрде индексациялау керек. Яғни айлықты инфляция деңгейіне қарай қайта санап, көбейтіп отыру қажет.

 

Еліміздің Кәсіподақтар федерациясы осылай дейді.

 

Федерация төрағасы Сатыпалды Дәулеталинның айтуынша, мыңнан астам ұжымдық шартта бұл мәселе қарастырылған. Бірақ шын мәнінде іске аспайды.

 

Сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында, Кәсіподақтар федерациясы төменгі жалақы мөлшерін орташа жалақының 50% дейін жеткізу мәселесін көтерді.

 

Ол үшін өткен айда арнайы жұмыс тобы құрылған. Олар ең төменгі еңбекақыны жүйелі түрде көтеру жолдарын қарастырады.

 

Еске салайық, қазір елде ең төменгі жалақы мөлшері – 42500 теңге.

 

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

 

– Индексация дегеніміз, инфляцияға байланысты жалақы мөлшерін қайта есептеу. Мысалы, инфляция 2020 жылы 7% жетті деп жатырмыз. Сол инфляцияның мөлшерінде еңбекақыны міндетті түрде көтеру керек. Ол әлі ұжымдық шарттар арқылы не болмаса салалық келісімдер арқылы реттеледі деп жазылған. Бірақ ол жүзеге аспай жатыр деп ашық айтуға болады. Біздің ойымызша, ол мәселені міндетті түрде еңбек кодексінде бекіту керек.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 934    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.04.2021, 02:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30