Нарық

Жалдамалы пәтер алғысы келетін жастар қандай құжаттарды өткізуі керек

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларының жастары жалдамалы пәтерге ие болуы үшін қандай құжаттарды өткізуі тиіс? Толыққанды құжаттар тізімін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Ережеге сәйкес, өтініш қабылдау басталғаннан кейін үміткерлер мынадай құжаттарды тапсыруы керек: өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, білімі туралы құжаттың көшірмесі, неке қию туралы құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда), балаларының тууы туралы куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда), өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама, жұмыс орнынан анықтама, өтініш берушінің банк шотының болуы және оның нөмірі туралы анықтама, банк шоты бойынша ақшаның қалдығы мен ай сайынғы айналымы туралы үзінді, өтініш берушінің түрлі қызмет саласындағы жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болған жағдайда)», - деді Мадияр Қожахмет.


Құжаттар қабылданғаннан кейін уәкілетті орган оның бәрін тексеріп, толықтығы мен сәйкестігін қарайды.


«Осыдан кейін ұпайларға сәйкес санақ жүргізіліп, жалдамалы пәтер берілетін жастардың тізімі бекітіледі. Бұл тізімге ұпайларды есептеу кезінде өтініш берушінің кәсібі, отбасылық жағдайы, жеке кәсіпкерлік қызметі, бюджеттік қызметтерде жұмыс істеуі, шоттарының жинақтары ескеріледі. Балдары тең жағдайда өтінішті бірінші тапсырған жастарға басымдық беріледі. Сонымен бірге, негізгі талаптардың бірі – жастар табысы 40 АЕК-тен төмен болмауы керек. Мысалы, жалдамалы пәтер үшін жас жігіт 10-12 мың, оған қосымша коммуналдық шығындар үшін тағы 10-15 мың теңге төледі делік. Оның айлығы 110 мың теңге болса, яғни, ол жалақысының жартысының жартысын банкте бастапқа жарна ретінде жинай алады», - деді ол.



Аталмыш бағдарлама бойынша биыл Нұр-Сұлтанда - 1050 пәтер, Алматыда - 1050 пәтер, Шымкентте - 904 пәтер беріледі.


Уәкілетті орган сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді беру туралы шешім қабылдаған соң 15 күнтізбелік күн ішінде тұрғын үйді жалдау туралы шарт жасалады.


Еске сала кетсек, былтыр Жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жылына 1 мың пәтер салынатынын мәлім еткен болатын.


Ал былтыр күзде Үкіметтің кеңейтілген отырысында сол тұстағы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек (қазір - Премьер-министрдің орынбасары) Астана, Алматы, Шымкент жұмысшы жастарына 1 мың пәтер салу мамырда басталатынын хабарлаған еді.


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 




Көрілген: 755    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.09.2019, 16:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31