Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жамбылдықтар мемқызметкерлерді қысқартудан 1,5 миллиард теңге үнемдемек

03 қыркүйек 2020, 20:01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауындағы ең қызу талқыланып, талайдың ойын сан-саққа жүгіртіп отырған мәселе – мемлекеттік қызметшілердің қысқаруы болып тұрғаны анық.

Бұған қатысты біреулер «ойбой, не дейсің, талай адам жұмыссыз қалады екен» деген болжам жасаса, енді екіншілер байыпты байлам айтуда. Күні кеше бұл мәселе Жамбыл облысы әкімдігінің актив жиынында да қаралып, алғашқы есептері шығарылды. Жиында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев стратегиялық құжатта айтылған мемлекеттік қызметшілерді қысқарту бойынша тиісті жұмыстар қолға алынғанын жеткізді. Алдын ала есеп бойынша қысқартудан кейін 1,5 миллиард теңге көлемінде қаржы үнемделуі мүмкін. Дмитрий Малахов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды Қазақстанда азық-түлік, интернет, дәрі-дәрмек және жерлеу қызметі қымбаттады Конституция – ұлттық құндылығымыз! – Алайда ол қай саланың және қандай мамандары болары әзірге белгісіз. Десе де бұл бағыттағы зерделеу жұмыстары бүгінде басталып кетті.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы