Нарық

"Жаңа жылға сыйлық": елде 90 мыңнан астам көліктің салығы қайта есептеледі

  • "Жаңа жылға сыйлық": елде 90 мыңнан астам көліктің салығы қайта есептеледі

Шағын көлемді фургон иелеріне қатысты заң жобасы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді

Қазақстанда 90 мыңнан астам шағын көлемді фургон көліктерінің салығы жеңілдетіледі. Салық кодексіне енгізілген өзгерісті мәжіліс депутаттары бірауыздан қабылдады.

Енгізілген өзгерістерге орай, шағын көлемді фургондарға салық қозғалтқышының көлеміне емес, жүк көтергіштігіне байланысты салынады.

90 мыңнан астам көлік иелеріне қатысты заң жобасы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин мемлекеттік құрылымдар салықты төлеп қойған көлік иелерінің төлемдерін қайта есептеуге дайын болуы керек екенін атап өтті.

"Осы норманың арқасында "Газель" жүргізушілері жаңа жылға жақсы сыйлық алатын болды. Енді ең бастысы мемлекеттік органдар іс жүзінде ешбір бюрократиясыз заңға сай қажетті есептеулерді жүзеге асыруға тиіс", - деді ол.

Қайта есептеу процесі көлік иелерінің қатысуынсыз жүзеге асырылатын болады. Мәжіліс сипкері бұл жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді де тапсырды.

"Азаматтар ешқайда барудың қажеті жоқ екенінен хабардар болуы керек. Барлығы автоматты түрде жүзеге асырылады. Егер түсіндіру жұмыстарын жүргізбесе елдің бәрі халыққа қызмет көрсету орталығына ағылатын болады, call-орталықтарға қоңырау шалып мазалары кетеді", – деді Нығматулин.

Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, шағын көлемді фургон иелері үшін көлік салығы айтарлықтай азаяды. Мысалы қозғалтқыш көлемі  3,5 мың текше сантиметр көлік үшін салық 136 мыңнан 20 мыңға дейін төмендейді.

sputnik.kz




Көрілген: 764    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.11.2021, 17:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31