Нарық

Жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша кімдер баспаналы бола алады?

  • https://www.astana-akshamy.kz/

    https://www.astana-akshamy.kz/

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚТҚЖБ Алматы филиалы директорының орынбасары Данагүл Түсіпова айтты.

 

"Алматы жастары" бағдарламасы бойынша несие сомасы 13 млн теңгені құрайды. Үйдің сомасы шектелмеген. Кез келген қалаған үйді алуға болады. Үйдің бағасы қымбат болған жағдайда қалған айырмасын сатып алушылар өздерінің қосуына мүмкіндік бар. Пайыздық мөлшерлеме 5 пайызбен, алғашқы жарнасы 10 пайызбен беріледі. Сатып алатын үйді кепілдікке қойып, банк тарапынан несие алуға болады. Бұл бағдарлама 2020 жылы ашылды. Әкімнің қолдауымен жаңа серпінге ие болды, - деді ол.

 

Түсіпова айтқандай, биыл бағдарламаға қомақты сома бөлінді.

 

Әкімшілік тарапынан 10 млрд теңге, ТҮҚЖБ тарапынан 3 млрд теңге бөлінді. Осы бағдарлама бойынша жыл соңына дейін 1000 жасты үймен қамту жоспарланып отыр. Бағдарламаға алматылық жастар, яғни 35-ке толмаған жастар қатыса алады. Қатысушылардың және оның отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда үй болмауы керек.Алматыда кем дегенде 6 ай жұмыс істеуі керек. Сондай-ақ белгілі бір салада жұмыс істейтіндер қатыса алады, - деді ол.

 

Маман айтқандай, әкімнің тапсырмасы бойынша сұранысқа ие мамандық өкілдерін алдымен үймен қамтамасыз ету қарастырылған.

 

"Алматы жастар" бағдарламасы аясында медицина, спорт, мәдениет, БАҚ, әлеуметтік сала, білім беру және ЖОО мен ғылыми зерттеу саласының өкілдерін үймен қамтамасыз ету қарастырылған, - деді ол.

 

baq.kz

 




Көрілген: 605    Пікірлер: 0

жұма, 07.08.2020, 14:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31