Нарық

Жаңа заң жобасы: Қазақстанда ипотекалық қарыз бойынша кепілде тұрған үйді өндіріп алуға тыйым салынбақ

  • Жаңа заң жобасы: Қазақстанда ипотекалық қарыз бойынша кепілде тұрған үйді өндіріп алуға тыйым салынбақ

    Жаңа заң жобасы: Қазақстанда ипотекалық қарыз бойынша кепілде тұрған үйді өндіріп алуға тыйым салынбақ

Елімізде ипотекалық қарыз бойынша кепілде тұрған баспананы жеке атқарушылық іс жүргізуден тыс өндіріп алуға тыйым салынбақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасованың жауабында айтылған. Оның айтуынша, заңнамалық түзетулерді Әділет министрлігі енгізбек. 

“Қазіргі уақытта кепіл мүлкін, оның ішінде жылжымайтын мүлікті сату рәсімдері жылжымайтын мүлік ипотекасы және атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамалық актілермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және ҚР Азаматтық процестік кодексімен регламенттелген. Кепіл мүлкін өткізудің қолданыстағы практикасына жүргізілген талдау өткізу рәсіміне және сауда-саттыққа қатысушыларға қойылатын қазіргі талаптар аукционның ашықтығын және өткізілетін мүлікке баға белгілеудің объективтілігін қамтамасыз етпейтінін көрсетті", –  дейді Әбілқасова.

 
Бұған қоса, ол әзірленетін заң жобасының аясында азаматтардың құқықтарын қорғауды жетілдіру бойынша мынадай қосымша іс-шаралар көзделген:

мүлікті кепіл берушінің үш айлық мерзімінде өз бетімен өткізуін кепіл мүлкін сот арқылы және соттан тыс өткізу аясында міндетті рәсім ету, өткізу құнының шегін кемінде 75 пайыз және бағалау күнінен 6 айдан аса уақыт өтпеген кепілдің бағалау құнының 100 пайызынан артық болмайтындай етіп белгілеу;
атқарушылық іс жүргізу аясында тұрғын үй жылжымайтын мүлкін сатуды төмендетудің шекті өлшемін бағалау құнының 75 пайызынан кем болмайтындай етіп белгілеу;
кепілде тұрған жылжымайтын мүлікті сот арқылы немесе соттан тыс өткізу аясында оның ішінде кредиторға, оның қызметкерлеріне және үлестес тұлғаларына; егер сауда-саттықтың екінші қатысушысы оның жақын туысы, зайыбы (жұбайы) болса жеке тұлғаның сауда-саттыққа қатысуына тыйым салу;
ипотекалық қарыз бойынша кепілде тұрған тұрғын үйді жеке атқарушылық іс жүргізуден тыс кепіл ұстаушылардың немесе сот орындаушыларының өтініштері бойынша өндіріп алу мүмкіндігін болдырмау;
бағалаушылардың біліктілігі мен жауапкершілігіне қойылатын талаптарды күшейту;
жеке тұлғаның баспанасымен қамтамасыз етілген ипотекалық қарыздар бойынша кепіл құнына қатысты берешектің мардымсыздығын айқындау шегін ұлғайту.
Қазіргі таңда ҚР Әділет министрлігі тиісті түзетулерді одан әрі осы жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу үшін 2021 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне енгізген.




Көрілген: 489    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.10.2021, 10:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31