Нарық

Жаңажылдық дастархан 21 мың теңгеге: 2021 жылды қарсы алу шын мәнісінде қанша тұрады?

  • Жаңажылдық дастархан 21 мың теңгеге: 2021 жылды қарсы алу шын мәнісінде қанша тұрады?

    Жаңажылдық дастархан 21 мың теңгеге: 2021 жылды қарсы алу шын мәнісінде қанша тұрады?

Жуырда Ұлттық банк сарапшылары жаңажылдық дастархан мәзірін әзірлеуге қазақстандықтар орташа есеппен қанша ақша жұмсайтынын есептеді. Олардың мәліметінше, елімізде жаңа жылдық дастарханның орташа құны - 21 108 теңгені құрады. Stan.kz ақпарат агенттігі бұл сома қаншалықты шындыққа жанасатынын анықтамақ болып, дүкен сөрелеріндегі аталған жаңажылдық мәзірдің құнын есептеп көрді.

Ұлттық банк мамандары жасаған талдауда еліміздің алты қаласы Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Павлодардағы бағалар келтірілген. 

"Жаңа жыл қарсаңында Galymzhan жүйесі жинаған деректер базасында жаңа жылдық үстелдің құны бағаланды. Осылайша, іріктемеге аталған жүйеде бар қалалар енгізілді, ал жаңажылдық мәзір сараптамалық түрде жасалды. Жаңажылдық үстелдің құны Қазақстан бойынша үй шаруашылығындағы адамдардың орташа санын - төрт адамды ескере отырып есептелді", - делінген Ұлттық Банктің 2020 жылғы Қазақстанның ақша-кредит саясаты туралы баяндамасында.

 
Ұлттық банктің деректері бойынша, ел бойынша орташа есеппен жаңажылдық үстелдің құны 21 108 теңгені құрайды. Мерекеге елорда тұрғындары (23 117 теңге) көбірек, ал Павлодар тұрғындары (19 195 теңге) аз шығындалады. Ет бағасы елдегі ең төменгі бағамен есептеледі.

"Ең қымбатқа шығатын дастархан Нұр-Сұлтанда, ең төменгісі - Шымкентте. Айта кету керек", - деп атап өтті Ұлттық банк мамандары.

Сонымен, біз Ұлттық банк ұсынған таблица бойынша барлық азық-түліктің бағасын есептеп, барлығын 1 келіден алдық.

stan.kz




Көрілген: 2672    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.12.2020, 16:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:30
    Доллар арзандады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28