Нарық

Жанар-жағармай бағасының күрт өсуі жауапсыздық нормасына айналды - депутат

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Ғалым Әміреев негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасының өсуі мәселесіне қатысты ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың атына сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Бүгінгі таңда біздің сайлаушыларды толғандыратын маңызды мәселелердің бірі - негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің, әсіресе нанның бағасы. Бұл мәселе депутаттық сауалдарда бірнеше рет көтерілгенмен, әлі де өз шешімін таппай отыр. Биылғы көктем-жаз айларында сәбіз бен картоп бағасының 500-600 теңгеге дейін өсуі үлкен резонанс тудырды. Алайда, Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан ешқандай тұжырым жасалған жоқ. Соңғы уақытта негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне қатысты мәселелер көбірек көтеріліп келеді, халық бағалардың реттелмейтініне, тіпті кейде әртүрлі болатынына шағым жасауда. Мысалы, ең танымал 1-сұрыпты ұн 150-200 теңге аралығында сатылады және одан әрі өсу үрдісі бар. Ал ұн бағасы жаздың өзінде 120-130 теңге деңгейінде болды», - деді Ғ. Әміреев.

 

Оның айтуынша, биыл қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін құрғақшылық салдарынан түсімнің төмендігі елеулі соққы болды. Алдын ала болжам бойынша біз 30% - ға дейін өнімге қол жеткізе алмаймыз.

 

«Сонымен қатар, уәкілетті органдардың жауапсыздығынан біз жанар-жағармайдың, дизель отынының жоғары бағасын байқаймыз. Литріне 300 теңгеге дейін жетіп, кей уақытта елдің жанармай бекеттерінде тапшы да болып қалады. Мұның бәрі экономикалық диверсияға өте ұқсас, ал бұл - Энергетика министрлігінің жауапкершілігі. Сондай-ақ, тыңайтқыштардың, ауыл шаруашылығы техникасы құнының жыл сайынғы өсуін де атап өту қажет. Барлық осы факторлар жиынтығында астық бағасына әсер етті. Біреулер үшін жанар-жағармай бағасының күрт өсуі нормаға, жауапсыздық нормасына айналды. Бұл үнемі, дәлірек айтқанда көктемгі егіс жұмыстары мен егін жинау кезінде орын алып келеді. Бұл туралы депутаттар да бірнеше рет мәселе көтерген болатын, бірақ бұрынғы жартас сол жартас күйінде, бұл ауылшаруашылық мамандары үшін ең жауапты сәтте қасақана жасалатындай әсер қалдырады», - деді депутат.

 

«Егер жақын арада біз халықты үстелінде болатын басты өніммен – қазірдің өзінде бағасы қарқынмен өсіп жатқан нанмен, макаронмен және жарма өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешпесек, оның салдары биылғы көктем мен жаз мезгіліне қарағанда одан да ауыр болуы мүмкін. Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, тауар нарықтарында бидайдың жеткілікті көлемін сатып алу бойынша интервенция жүргізу үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ мен тұрақтандыру қорларына Үкімет резервінен қосымша бюджет қаражатын бөлу мәселесін шешуді сұраймыз. Бұл кейіннен нан, жарма және макарон өнімдері бағасының тұрақтануын қамтамасыз ететін болады», - деді Ғалым Әміреев.

 

 

 

 




Көрілген: 749    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.10.2021, 14:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31