Нарық

Жапония бағалы деликатес өндіру үшін Қазақстаннан жылқы етін сатып алады

  • https://news.arsu.kz/

    https://news.arsu.kz/

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандық жылқы мен жылқы етін экспорттау үшін Жапония нарығын ашты. Жаңа нарықтың ашылуы алдында үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

 

2018 жылы экспорттық әлеуетті дамыту аясында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті шетелдік әріптестерге алғашқы сұрау хат жолдаған еді. Онда қазақстандық фермерлер мен кәсіпкерлер Жапонияға жылқы етін жеткізуге мүдделі екені туралы айтылған болатын.

 

Ұзақ келіссөздердің нәтижесінде Жапония елінің Ауыл, орман және балық шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасынан жылқыларды сою және қайта өңдеу кезінде алынған ет, ет шикізаты мен субөнімдерді Жапонияға экспорттауға ветеринарлық сертификат берді.

 

Ал 2020 жылдың 25 мамырынан бастап экспорттың ашылуы туралы ресми хабарлама жіберді.

 

Бұрын қол жеткізілген келісімдерге сәйкес ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті өз өнімдерін экспорттауға дайын қазақстандық кәсіпорындардың тізімін жасады.

 

Ет одағы, «Атамекен» ҰКП және Комитеттің облыстық аумақтық инспекциялары арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жіберілген сұранымға 34 отандық кәсіпорын өздерінің келісімдерін берді. Олар туралы ақпарат жақында жапон тарапына берілді.

 

Айта кету керек, Жапония елі тек жылқы етін ғана импорттауға емес, тірі жылқыларды да сою үшін алуға мүдделі.

 

Анықтама: осы уақытқа дейін Жапонияға жылқы етін негізгі экспорттаушы ел Канада болды. Күн шығыс елінде жылқы еті ежелден шикі түрде пайдаланылады және деликатес болып саналады. Жоғары дәмдік сапасы үшін қабырғадан алынған ет ерекше бағаланады. Жылқы етінен суши мен сашими ет кесектері дайындалады.

 

24.kz

 




Көрілген: 422    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.07.2020, 12:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31