Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жапония жол жөндеуге арзан несие береді

14 сәуір 2011, 12:22

Жапонияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігі Қазақстанға 6 361 миллион йен көлемінде заем беруге дайын. Бұл қарыз ақшаның өтеу мерзімі – 25 жыл, оның ішіндегі бастапқы жеті жыл жеңілдік мерзімі болып табылады. Сыйақыны төлеу жарты жылда бір рет жүргізіледі. Белгіленген пайыздық сыйақы мөлшерлемесі – жылына 1,7 пайыз. Міндеттеме комиссиясы жылына 0,1 пайызды құрайды.
Бұл көлемді ақшаны автокөлік жолдары желісін жөндеу және оны дамыту жөніндегі жобаны жүзеге асыруға жұмсау көзделіп отыр екен. Мәжіліс депутаты Әмзібек Жол­шыбековтің айтуынша, сырттан тартылған бұл заемды жабу мен оған қызмет көрсету келісімшартта көрсетілген қаржылық шарттарға сәйкес, республи­калық бюджет арқылы жүзеге асырылады.
Аталған келісімшарт аясында, мәселен, Жамбыл облысы арқылы өтетін халық­аралық транзиттік дәліздің Тараз-Қордай жол телімін бірінші техникалық сапаға сай жөндеу қарастырылған екен.
Қазақстан Республикасы мен Жапония Үкіметтері транспорттық дәлізді күрделі жөндеуден өткізу жобасын жүзеге асыру үшін тартылған заемды нотамен алмасу формасында жасалған келісімшартпен 2010 жылдың 10 тамызында, Астана қала­сында бекіткен болатын.