Нарық

Жасанды ет компанияларының қатары артып келеді

  • https://argumenti.ru/

    https://argumenti.ru/

Таяуда Жапонияны әлемге әйгілі етіп отырған компаниялардың бірінен саналатын Mitsubishi өкілдері жасанды ет өндірісінің технологиясымен шұғылданатын израилдік Aleph Farms компаниясымен ынтымақтасу жөнінде келісімге келді.

 

Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg экономикалық ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Осылайша күншығыс елі де табиғи жолмен алынатын етке қарағанда арзанға түсетін әрі қоршаған ортаға зияны жоқ технология көмегімен елдегі ет өнімдеріне деген тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруды көздеп отыр.

 

Aleph Farms компаниясының бас директоры Дидье Тубиа 2022 жылы тек Жапонияға ғана емес, сонымен қатар, Азияның өзге елдеріне де жасанды ет экспортын жолға қоятынын мәлімдеді.

 

Осы орайда әлемде жасанды ет өсіруге мүмкіндік беретін технологиямен шұғылданатын 60-қа тарта компания барын айта кетпекпіз.

 

Аталмыш технология бойынша негізінен жасанды ет зертханалық жағдайда жасушадан өсіріледі.

 

Кезінде хабарлағанымыздай, 2020 жылдың соңына таман Сингапурде әлемде тұңғыш рет жасанды ет саудаға шығарылды.

 

 




Көрілген: 2315    Пікірлер: 0

сенбі, 09.01.2021, 16:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:30
    Доллар арзандады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31