Нарық

Жастарға 1 миллион теңгелік қайтарымсыз қаражат берілетін болды

  • © МИА «Казинформ

    © МИА «Казинформ

Жастар жылында Дүниежүзілік банк жастарға қайтарымсыз 1 миллион теңге береді. Бұл жайында журналист, блогер Даулет Мұқаев өзінің Instagram-парақшасында күні кеше тікелей эфирде айтылатынын жазса, бүгін мәселенің мән-жайын түсіндірген.


«1 миллион теңгелік қайтарымсыз ақша! Дүниежүзілік банк беретін ақшаны биыл Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, БҚО, Атырау, Маңғыстау облысының 14-29 жас аралығындағылар ала алады!!! Құжат тапсыру 15 сәуірде аяқталады! Бизнес жоспар жасап үлгересіздер!»,- дей келе блогер аталмыш қаражаттың өз кәсібін ашқысы келетін жастарға берілетін аңғартады.


Сондай-ақ, журналист жобаның 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқанын, оған әрбір талапты жас қатыса алатыны тілге тиек етеді.


«Бұл жобаға биыл мен де қатысудамын. Негізі қатысатындар бір-біріне бәсекелес болып келеді. Ал мен сіздерге сонда да айтудамын. Менің жобам ұтпаса да, өзге бір қазағым миллион алып, кәсіп ашып, байып жатса мен қуанамын!!! Сіздер де достар, таныстарыңызға айта жүріңіз! Бәлкім, бір қазақтың кәсіпкер атануына сіздің септігіңіз тиіп қалар?! Кең болсаңыз, кем болмайсыз! Толық ақпарат www.zhasproject.kz cайтында. Негізі қайтымсыз ақша беретін бұндай жобалар көп екен. Бірақ біз ести бермейміз»,-деп қорытындылаған сөзін Дәулет Мұқаев.


sn.kz


 




Көрілген: 15232    Пікірлер: 0

жұма, 12.04.2019, 13:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30