Нарық

Жастарға берілетін баспана: Бағдарламаға қалай қатысуға болады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Орталық коммуникациялар қызметінде Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасына қалай қатысуға болатындығы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Елбасының тапсырмасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларында кемінде 1 мың жалдамалы пәтер салу шаралары қабылданған. Кейін бұл тапсырма кеңейтіліп, жастарға үш қалада үш мың пәтерге дейін салу жөнінде тапсырма берілген болатын. Ережеге сәйкес, бірінші кезекте 29 жасқа дейінгі жас жігіт немесе бойжеткен ресми түрде Нұр-Сұлтан, Алматы немесе Шымкент қаласының тұрғыны болуы тиіс. Сондай-ақ, ережеге сәйкес, жас адамның тұрақты жұмыс орыны болуы және жылжымайтын мүлкі болмауы керек. Себебі, біз жастарға өз тұрғын үйін сатып алу үшін бастапқы жарна жинауға мүмкіндік беруіміз керек», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет.


Комитет төрағасының айтуынша, бұдан бөлек үміткердің банкте шоты болуы тиіс.


«Өйткені, оның бастапқы жарнаны жинауға қызығушылығы болуы қажет. Сонымен қатар, бұл жобаның мақсаты – жастарға өз тұрғын үйін алуға мүмкіндік беру. Үміткердің қызметтегі жетістіктері бойынша тиісті куәліктерін растайтын құжаттарын көрсетсе қосымша тағы жеңілдіктер беріледі. Сонымен қатар, өтініш берушінің отбасы және балалары болған жағдайда қосымша жеңілдіктер қарастырылған», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


Мадияр Қожахметтің айтуынша, жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы 2021 жылға дейін жұмыс істейді.


«Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 29 жасқа дейінгі 4 млн-ға жуық жастар бар. Оның ішінде 245 мыңы Нұр-Сұлтан қаласында, 700 мыңы Алматыда, 260 мыңы Шымкент қаласында тұрады. Тапсырмаға сәйкес, осы үш қалада кемінде 3 мың пәтер тапсырылады. Жыл сайын үш мың пәтер тапсырылатын болса, онда осы жуық арада әрбір қалада 9 мың пәтер тапсырылуы тиіс деген ойдамыз. Бұл пәтерді жалға беру мерзімі бес жыл деп белгіленіп отыр. Бұл мақсатта бюджеттен 21 млрд теңге бөлініп, үш қалаға аударылған. Жергілікті атқарушы органдар қазіргі таңда үй сатып алу мәселесін қолға алып жатыр», - деді Мадияр Қожахмет.


Жалға берілетін үйлер жастарға сатып алу құқығысыз беріледі. Жалға беру бағасы айына 10-12 мың теңге көлемінде болады.


Еске сала кетсек, былтыр Жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жылына 1 мың пәтер салынатынын мәлім еткен болатын.


Ал былтыр күзде Үкіметтің кеңейтілген отырысында сол тұстағы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек (қазір - Премьер-министрдің орынбасары) Астана, Алматы, Шымкент жұмысшы жастарына 1 мың пәтер салу мамырда басталатынын хабарлаған еді.


 


 


 


 


 


 


 


 




 




Көрілген: 453    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.09.2019, 16:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30