Нарық

Жастарға берілген жалдамалы пәтер қандай жағдайда мемлекетке қайтарылады

  • https://yandex.kz

    https://yandex.kz

Жастарға берілетін жалдамалы пәтерлер қандай жағдайда мемлекетке қайтарылады? Бұл сұраққа ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Ережеде бекітілгендей, жергілікті әкімшілік пен өтініш беруші жалдамалы үй бойынша 5 жылға келісімшартқа отырады. Келісімшарттың негізгі талаптары негізінен жұмыс істеу тәртібіне негізделген. Егер өтініш берушіні жұмыстан мәжбүрлі түрде емес, арнайы босаса, пәтерді қайта тапсыру керек болады. Сол секілді басқа қалаға көшу жағдайында пәтерді өткізу керек. Жыл сайын жергілікті атқарушы орган үйдің жайын тексеріп отырады. Сондай-ақ, жас азамат өзі жалдамалы пәтерді ала отырып, басқа біреуге оны жалға беретін болса немесе тиісті деңгейде сақтамаса – онда пәтер мемлекетке қайтарылады. Пәтер жалпыға ортақ талапқа сай келуі тиіс. Жалдамалы пәтерді берудің осындай нақты талаптары бар», - деді Мадияр Қожахмет Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.



Еске сала кетсек, былтыр Жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жылына 1 мың пәтер салынатынын мәлім еткен болатын.


Ал былтыр күзде Үкіметтің кеңейтілген отырысында сол тұстағы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек (қазір - Премьер-министрдің орынбасары) Астана, Алматы, Шымкент жұмысшы жастарына 1 мың пәтер салу мамырда басталатынын хабарлаған еді.


Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасына қалай қатысуға болатынын бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтып берді.  


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 




Көрілген: 584    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.09.2019, 13:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30