Нарық

Жастарға біржолғы 85 мың теңге көтерме ақы төленеді

  • Жастарға біржолғы 85 мың теңге көтерме ақы төленеді

    Жастарға біржолғы 85 мың теңге көтерме ақы төленеді

Ол үшін жергілікті атқарушы органдар мобильдік бекеттер құрып, жастарды жұмысқа шақыруы керек.
"Жұмыспен қамту жол картасы" аясында жұмысқа тартылған жастарға біржолғы 85 мың теңге көтерме ақы төленеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды  Sputniknews.kz.

"Ірі қалаларға өңірлерден келіп жұмыс істеген, бүгінде жұмыссыз қалған жастар өз өңіріне қайтып, "Жұмыспен қамту жол картасына" қатысуға ниет білдірсе, жұмысқа кірген күні бір мезеттік 85 мың теңге көтерме ақы алады", - деді Нұрымбетов үкімет отырысында.

Ол үшін жергілікті атқарушы органдар мобильдік бекеттер құрып, жастарды жұмысқа шақыруы керек.

Министр әкімдіктерге жұмыссыздарды қабылдау үшін жергілікті жұмыспен қамту орталықтарының электронды жүйесін толығымен пайдалануға кеңес берді.

Бұған дейін президент елорда, Алматы мен Шымкент маңында жұмыссыз жүрген азаматтарға "Халықты жұмыспен қамту" бағдарламасы аясында жұмыс тауып беруді тапсырған еді.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы 31 наурыз күні телеарна арқылы жасаған мәлімдемесінде карантинге байланысты елорда, Алматы мен Шымкент қалаларының маңында жұмыссыз жүрген халық көбейіп кеткенін айтқан болатын.

Қасым Жомарт Тоқаев осы үш мегаполистегі жұмыссыз азаматтарға "Халықты жұмыспен қамту" бағдарламасы аясында жұмыс тауып беруді тапсырды.  




Көрілген: 353    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.04.2020, 14:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30