Нарық

«Жатыпішерлерді не үшін асыраймыз?»: депутат «Даму» қорының ақшаны босқа шашып жатқанын айтты

  • «Жатыпішерлерді не үшін асыраймыз?»: депутат «Даму» қорының ақшаны босқа шашып жатқанын айтты

    «Жатыпішерлерді не үшін асыраймыз?»: депутат «Даму» қорының ақшаны босқа шашып жатқанын айтты

«Даму» қорына қазынадан бөлінген миллиардтардың сұрауы жоқ. Компанияның кірісінен гөрі, шығыны көп екен. Банк пен бюджет арасында тек делдал болып отырған қордың жұмысын бүгін мәжілісмендер сынап-мінеді. Сондықтан Үкіметке «Даму» қорының мәселесін майшаммен қарауды ұсынды. Экономика сарапшылары да депутаттардың бастамасын қолдап отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«Ақша еңбекпен келмеген соң, қаржы институттары шашып жатыр», - дейді олар. Жалпы, «Даму» қорының кәсіпкерлерді қолдау бойынша мардымсыз істеріне мәжілісмендер бірнеше жылдан бері шүйлігіп жүр. Ол аздай, бүгін қаржы институтының жұмысын депутат Жамалов тағы сынға алды. Соңғы он жылда қор 16 мыңдай жобаны 264 миллиард теңгеге қаржыландырған. Осы жобалардың пайда әкелгеніне депутат күмәнданады.

«Даму» қоры бюджет есебінен пайыздық мөлшерлемені субсидиялаумен айналысады. 2020 жылдың төрт айында қор барлығы 703 жобаға қаржы құйған. Ал 2010 жылдан бастап 15,8 мың жобаға 264 млрд теңге жұмсалыпты. Осы жобалар экономикалық және әлеуметтік пайда әкелді ме? Бұл сұраққа бірнеше жылдан бері жауап жоқ», - деді Аманжан Жамалов. 

Қордың ақшаны құр босқа шашып жатқанын айтқан мәжілісмен «Жатыпішерлерді не үшін асыраймыз?» деп күйінеді. Жыл сайын қаржылық агенттік қазынадан 770 миллион теңге төлем алады екен. Штаттық қызметкерлерге де миллиардтап ақша жұмсайды.

«Қор қарапайым қызмет атқаруда салғырттық танытып отыр. 2018 жылы оның шығыны 11,9 млрд теңгені құрады. Ең азы 10 жылдың ішінде субсидиялау процесін автоматтандыра алған жоқ. 2018 жылы қордың әкімшілік шығындары 4,3 млрд теңгеге жеткен. 300-ге жуық қызметкері бола тұра, қор 2018 жылы заңды және кеңес беру қызметтеріне 49 млн теңге жұмсапты», - деді мәжілісмен.

Депутат Үкіметке қорды қайта құрып, реформалауды сұрады. Себебі, пандемия кезінде тұралаған шағын және орта бизнеске «Дамудың» бергені аз, оған қоса, дағдарыс та бүйірден қысуда дейді. Белгілі экономист Қайырбек Арыстанбековтің сөзінше, қаржылық қиындықта ақшаны оңды-солды жұмсаған «біздің Үкімет – еліктегіш».

«Бізде осындай даму институттары өте көп. Қаптап кетті. «Бәйтеректі» алыңыз, квазимемлекеттік сектор, «Самұрық-Қазынаның» операторлары бар, «Даму» банкі бар. Осындай біз еліктегіш халықпыз, еліктегіш Үкімет. Ал бұларды ұстап тұру үшін, қаржыландыру үшін қыруар ақша керек. Еңбекпен келмеген қаражатты жұмсау әдетке айналып бара жатыр. Сондықтан оны тоқтату керек», - дейді ол.

«Даму» – бюджет пен банк арасындағы делдал. Яғни, банктер қаржы бөлетін жобаларды іріктеп, кейін кредит берсе, «Даму» қоры бюджеттен ақша алып, банкке субсидиялайды. Қор өкілдері депутаттың айтқанын жоққа шағырды. 

«Мәжіліс депутаты Жамаловтың келтірген деректері – 2015 жылғы ескірген ақпарат. Біз бұған қатысты жауап береміз. Иә, 2015 жылы өңірде үйлестіру кеңесі жұмыс істеді. Жобаларға қатысты шешімдер бір ай қаралатын. Қазір жағдай басқа. Трансформациядан өттік. Біздегі жүйенің 96 пайызы автоматтандырылған», - дейді «Даму» қоры басқарма төрағасының орынбасары Фархат Сәрсекеев.

«Қосылғыштардың орнын ауыстырғанымен, қосындының мәні өзгермейді» деген бар. «Үкімет қанша қаржылық институттарды қаптатып ашқанымен, оның ешбірінің сұрауы жоқ», - дейді мәжілісмендер. Сондай-ақ, депутаттар атқарушы биліктің жақында дағдарысқа қарсы бағдарламаға сәйкес өндірісті дамыту қоры жоспарын құптамайды. Егер ол қор құрылса, құрдымға кетеді екенбіз. Ал «Дамудың» жайы айтылған депутаттық сауалға премьер-министрдің не жауап беретіні белгісіз.

 

 




Көрілген: 1238    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.05.2020, 00:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31