Нарық

Жазда тұрғын үй құны арзандай ма? Сарапшылар жауап берді

  • Фото ашық дереккөзден алынды

    Фото ашық дереккөзден алынды

ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше, наурызда Қазақстанның барлық ірі қаласында пәтерлердің бағасы өсті. Тек Атырауда, Семейде және Ақтаута баға тұрақты болған.

 

ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биыл наурызда Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің (көппәтерлі үйдегі пәтер) бір шаршы метрінің орташа құны 324,5 мың теңгеге жетті, бір жылғы көрсеткішпен салыстырғанда – 8,4 -ға артты.

 

Ең қымбат пәтерлер мегаполистерде — Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкентте. Ал Қазақстанда ең арзан үйді Тараздан алуға болады.

 

Риелтор Гүлзат Сауытованың айтуынша, әдетте көктем, жаз кезінде әсіресе, жаңа пәтерлердің құны қымбаттамаса, арзандамайды.

 

 «Себебі осы кезеңде тұрғын үйге сұраныс ерекше артады. Жазда бағаның түсуі сирек кездеседі. Бірақ қыс кезінде көбіне қайталама нарықтағы үйлердің құны арзандауы мүмкін және сатылып жатқан пәтерлерге жеңілдік те жасалып жатыд. Себебі бұл кезде тұрғын үйлерге сұраныс азаяды», – дейді риелтор.

 

Ал Хабар 24-тің хабарлауынша, Қазақстан риелторлар қауымдастығының сарапшылары жазда жылжымайтын мүлік нарығындағы баға төмендейтінін болжаған.

 

«Осы жазда пәтерлер 10%-ға арзандауы мүмкін. Себебі зейнетақы төлемдерін пайдалану арқылы жасалған мәмілелердің төмендеуінен сатушылар арасындағы алыпсатарлық азаяды. Қазақстандықтар негізінен зейнетақы төлемдерін қолданыстағы ипотеканы өтеу үшін пайдаланады», – дейді сарапшылар.

 

 

 

 

aikyn.kz




Көрілген: 798    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.04.2021, 20:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30