Нарық

Жеке кәсіпкерлерге 6 проценттік кредит беріледі – министр

  • Жеке кәсіпкерлерге 6 проценттік кредит беріледі – министр

    Жеке кәсіпкерлерге 6 проценттік кредит беріледі – министр

Несие айналым қаражатын толықтыруға 5 миллион теңгеге дейін және өндірістік мақсаттарға 20 миллион теңгеге дейін беріледі

Микро және шағын бизнес өкілдеріне 6 проценттен аспайтын мөлшерлемемен несие беріледі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет 2020 жылға арналған экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Жоспарда шағын және орта бизнесті қолдау шаралары қарастырылған.

"Бизнестің жол картасы–2025" бағдарламасына "микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау" бойынша жаңа бағыт енгізіледі.

"Субсидиялау есебінен қаржыландыру қолжетімді болады. Мөлшерлеме 6 проценттен аспайды. Несие айналым қаражатын толықтыруға 5 миллион теңгеге дейін және өндірістік мақсаттарға 20 миллион теңгеге дейін беріледі. Бұл микробизнес өкілдерінің үлкен тобын қамтуға мүмкіндік береді", – деді Дәленов үкімет отырысында.

Айтуынша, микробизнес үшін жаңа формат бойынша оқыту енгізіледі, бұл да қаржыландыруға қолжетімділікті жеңілдетеді.

Сонымен қатар, банктер мен микроқаржы ұйымдарының кредиті бойынша төлем мерзімі ұзартылатын салалардың тізбесі кеңейтілді.

Арнайы салық режимінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер үшін бухгалтерлік және салық есептерін жүргізу жеңілдетіледі.

"Жеке кәсіпкерлердің жалдамалы қызметкерлері мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жүктемені төмендету және міндетті төлемдерді төлеуді оңайлату мәселесі пысықталуда. Салық органдарына салық есептілігін алдын ала декларациялау міндеті жүктеледі, бұл бизнеске әкімшілік ауыртпалықты азайтады", – деді министр.




Көрілген: 578    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.05.2020, 10:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30