Нарық

Жетісайлық әйел күніне 350 мың теңге табатын бизнес ашты

  • Сурет : Түркістан облысы ӨКҚ

    Сурет : Түркістан облысы ӨКҚ

Жетісай қаласының тұрғыны Эльмира Жалтеева 505 мың теңге көлемінде қайтарымыз мемлекеттік грант жеңіп, кір сабын өндірісін қолға алған, деп хабарлайды kaz.zakon.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

 

Құрылғанына 1 жыл толған "Эльмира" жеке кәсіпкерлігі бүгінде тәулігіне орта есеппен 1 тонна, яғни 5000 дана сабын дайындайды. Сұраныс артқан кезде 10 мың данаға дейін ұлғаяды. Әр сабынды 70-80 теңгеден саудалап, күніне 350 мың теңгенің өнімін өндіреді.

 

Отбасылық кәсіпті 2 адам дөңгелетіп отыр.

 

Аталған кәсіптің шығыны аз, өйткені қолданылған тоң май сатып алып, қайнатады. Кір сабын дайындау үшін бар керегі – тоң май мен сода. Негізгі тұтынушылар Жетісай ауданының тұрғындары. Өнімнің сапасы жоғары, әрі табиғи таза. Алдағы уақытта сұраныс артып, өнім өзге облыстарға жөнелтілетін болса, кәсіп иесі цехті үлкейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашпақ.

 

Айта кетерлігі, 2020 жылы Жетісай ауданы бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 559 адам мемлекеттік грант алып, оларға кәсібін ашу үшін 309 млн теңге қаржы берілген.

 

 

 

 




Көрілген: 391    Пікірлер: 0

жұма, 11.09.2020, 17:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30