Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жетісу – инвестиция тартуға қолайлы өңір

05 желтоқсан 2012, 12:01

Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт және мәдениет са­райында Алматы облысы әкім­дігінің ұйымдастыруымен «Же­тісу Инвест – 2012» атты ха­лық­аралық инвестициялық форум өтті. Форум жұмысына ми­нистр­лік­тердің, сауда-өнер­кә­сіп палатасының, салалық комитеттердің өкіл­дері мен Корея, Түркия, Жапония, Қы­тай тағы басқа ірі шет­ел­дік ком­паниялардың деле­га­циялары, сондай-ақ облыс кө­ле­міндегі бизнес сал­а­сының ма­ман­дары мен кәсіпкерлер қатыс­ты. Облыс әкімі Аңсар Мұ­­саханов алғашқы болып сөз сөйлеп, шымылдығын түр­ген шараның жүр­гізушілік тіз­гіні индустрия және жаңа техно­ло­гиялар бірінші вице-министрі Аль­­берт Раудың қолында болды.
Шараға қатысушылар үшін арнайы көрме ұйымдастырылып, онда облыста жүзеге асырылып жатқан 32 инвестиция­лық жоба ұсынылды. Жалпы, Алматы об­лы­сы – табиғи ресурстарға бай, инвести­­ция тартуға қолайлы өңір. Көрмеге тек отан­­дық қана емес, елімізде жүзеге асы­ры­лып жатқан немесе аймақта енді-енді ір­гетасы қалана бастаған шетелдік жоб­а­лар да орын алды. Форумда облыс эконо­ми­­ка­­сының индустрия, энергетика, көлік және логистика, туризм, агроөнеркәсіп сияқ­­ты негізгі салалары топтастырылды. Бас­­қосуда инвестициялық жобалармен ел-жұрт­ты таныстырып қана қоймай, олар­дың жү­зеге асу мүмкіндіктерін айқын­дау­ға нақ­ты жағдай жасалды. Көрмедегі жо­балар­дың ішінде ерекше көзге түс­кендері  МРТ тікұшақ жасау зауыты, Ali­na күн­нен энергетика алатын құрыл­ғы­лар за­уы­ты, «Жел энергетикасының қа­зақстан­дық технологиясы» зауыты, «Же­тісу» жел элек­трстан­сысын салу, кореялық, қы­тайлық  үй салудың жаңа технология­ла­рының жоба­лары. Алматы облысының әкімі Аңсар Мұса­хановтың айтуынша, ай­маққа инвес­тиция тартудың  бірнеше ба­ғыт­тағы мүмкіндігі бар. Ең бірінші инвес­ти­циялық мүмкіндігі – облыстың транс­шекаралық өңір­де орналасуы. Бұл ретте «Жетіген – Қорғас» теміржол желісі, «Қорғас» халық­аралық шекара маңы ын­ты­мақтастық орта­лығын атап өтуге болады. Елбасының жар­лығына сәйкес, «Қорғас-Шығыс қақ­па­сы» арнайы экономикалық аймақ құру жобаларын дамыту, транзиттік жүк тасымалдау, көліктік-логистикалық ке­шендерді, ин­женерлік-техникалық инфра­құры­лымды, өндірістік-өнеркәсіп ай­мағын, сондай-ақ жаңа тұрғын үйлер мен жұмыс орындарының құрылуына зор үле­сін қоспақ. Екіншіден, экономикалық өсу нүктелерін қалыптастыру, яғни өңірдегі индустриялық аймақтарды құру мен да­мыту. Сонымен қатар өңірдегі ауыл шар­уашылығы өндірісінің қарқынын арт­тыру мен өнімдерді тереңнен қайта өңдеу мәселесі де жиында сөз болды. Форум қо­рытындысы бойынша әлеуетті инвесторлар жалпы сомасы 300 млрд теңгеге жуық жо­баларға қатысты қол қойды. Олардың қата­­рын­да Мәскеу қаласының МРТ компа­ниясының Қапшағай қаласында шағын тік­ұшақтар құрастыратын кәсіпорны, «Газ­Гидротехэнерго» ЖШС-ның Райымбек ау­даны Шелек өзеніндегі ГЭС каскадасы­ның құрылысы, «Жетісу» жел электр стан­сы­сы­ның құрылысы және басқалар бар.
Аңсар МҰСАХАНОВ, Алматы облысының әкімі:
– Аймақтағы инвестициялық жоба­лар­дың жүзеге асуы халықтың әлеу­меттік жағ­дайын түзеп қана қоймайды, елдің эко­но­микалық өсуіне де жол ашады. Жан-жақтан жи­налған форум қатысушылары нақ осы мәселені егжей-тегжейлі талқылау­ға келіп отыр. Сон­дай-ақ «Батыс Еуропа – Батыс Қы­­тай» жобасының шеңберінде «Жі­бек жо­лы» әлемдік брендін қайта өр­кен­дету, Қап­­шағай демалыс айлағында­ғы «Жаңа-Іле» халықаралық туристік орта­лы­ғының құрылысы, Балқаш және Алакөл көл­­де­рінің жағалауында инфрақұрылымы да­мыған турис­тік аймақ құру, Қаскелең және Текелі қа­лаларының маңайында тау-шаң­ғы ке­шен­дерін құру жұмыстары жос­пар­ланған.

Альберт РАУ, ҚР индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі:
– Елбасының индустриялық-иннова­ция­лық бағдарламасының арқасында үлкен жо­балар жүзеге асырылуда. Ке­йін­гі үш жыл көлемінде өңделген өнім шы­ғару шар­уасы 27 пайызға ұлғайға­нын атап өту қа­жет. Бұл – шикізаттық өнім­нен өңделген өнім­дер шы­ғару ісіне батыл аяқ басып жат­қанды­ғы­мыздың белгісі. 2012 жылдың ал­ғаш­қы жарты жылдығының өзінде елімізг­е 10 млрд АҚШ доллары инвестиция ре­тінде тар­тыл­ған болатын.