Нарық

Жинаған ақшаңызды құнсызданудан қалай қорғауға болады? Депутаттардың жаңа жобасы

  • Жинаған ақшаңызды құнсызданудан қалай қорғауға болады? Депутаттардың жаңа жобасы

    Жинаған ақшаңызды құнсызданудан қалай қорғауға болады? Депутаттардың жаңа жобасы

Ұлттық валютаға деген сенім төмендеп барады, теңгемен сақталатын депозиттер азайып, долларлық депозиттер керісінше артуда.


Пандемия мен карантин маңызды проблеманы айқындады: халықтың қолында жинақтаған ақшасы жоқ. Бұл пікірді Мәжіліс депутаттарынан құралған топ Премьер-министр Асқар Мамин мен Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаевтың атына берген сауалында білдірді. Бұл әсіресе, азаматтардың 42 500 теңге көлемінде көмек ала бастауымен түсінікті болды.


— Мемлекет көмегіне жүгінуге мәжбүр болған қазақстандықтардың санына қарап, олардың жинақтарының өте төмен, тіпті бір-екі ай өмір сүруге де жетпейтінін анықтадық, — делінген сауалда.

Олардың арасында тек жалдамалы қызметкерлер ғана емес, кәсіпкерлер де бар.

— Қаржылық «жастықтың» болмауы — әр отбасы үшін қауіпті. Ал бүкіл ел деңгейінде – экономикалық қауіпсіздікке төнген қатер. Алайда, өкінішке орай, бізде жинақтардың шынайы есебі жүргізілмейді, — деп есептейді депутаттар.

Отандастарымыздың төмен табысы тек «өмір сүруге» және пайыздық кредиттерді қайтаруға ғана жетеді.

Наурыз айында жеке тұлғалардың теңгелік банктік салымдары 281 млрд теңгеге азайған, ал шетелдің валютадағы салымдар керісінше 638 милиардқа артқан

Бұл валюталық жинақтар бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің төмен екеніне қарамастан болды.

— Бұл халықтың теңгеге және мемлекеттің экономикалық саясатына деген шынайы сенімінің айқын көрсеткіші. Біздің азаматтарымыз кезекті девальвациядан соң қаржысын тек шетелдік валютамен сақтауды жөн көреді. Азаматтардың барлық валюталық депозиттері бойынша наурыз айында өсім 15,8%-ды құрады, ал жалпы үлес 47%-ға дейін өсті, — дейді мәжілісмендер.

Заңды тұлғаларға қатысты да осындай жағдай орын алды. Наурыз айында валюта депозиттері 28%-ға өсті, шетел валютасында кредит беру өсуде. Ол бірден 14,6%-ға өсті.

 

Зейнетақы жинақтарын да пайдалануға болады

Бұдан әрі қол қоюшылар мамыр айынан бастап теңгемен сақталған депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлеменің төмендегенін атап өтті. Ал баға болса өсуде және валюталық салымдар да табыс әкелмейді. Бұл ақша табудың жолы емес, жай ғана қолда барды сақтап қаллудың амалы.

— Мұндай жағдайда халықтың жинақ ақшасы өседі дегенге сену қиын. Дегенмен, жинақ стратегиялық резервке айналды. Бір жағынан, бізде жинақтарды құнсызданудан қорғап, олардың кірістілігін қамтамасыз ететін сенімді құрал жоқ

Екінші жағынан, біз шетелден қарызға ақша алып, сыртқы ойыншыларға ақша табуға мүмкіндік жасаймыз, —делінген сұрауда.

Қол қоюшылар отандастарымыздың жинақтарын құнсызданудан сақтайтын жаңа қаржы құралдарын әзірлейтін кез келді деп санайды. Дамыған елдер инфляциядан қорғалған облигацияларды ойлап тапты.

— Мысалы, АҚШ-та тұтыну бағаларының индексіне байланысты бондтар шығарылады. Осыған ұқсас бағалы қағаздар Еуропалық одақта және ТМД елдерінде шығарылады. Бірақ олардың тәжірибесін біз қолдана алмаймыз.

Біздің жағдайда инфляцияға байланыстыру жеткіліксіз болады, себебі теңгенің деваливациясы үлкен қауіп төндіруі мүмкін

Инфляцияның нақты көрсеткіштері де төмендетілетіні анық.

Мәжілісмендер «валюталық кәрзеңкеге байланысты, теңгелік облигациялар шығаруды» ұсынды. Олар бұл оңтайлы нұсқа деп санайды.

— Мұндай қорғау жинақ нормасын жүйелі түрде арттыруға және оларды инвестицияларға ауыстыруға мүмкіндік береді. Ол сонымен бірге мемлекетті валюталық саясатқа жауапкершілікпен қарауға және теңгенің алыпсатарлық құлдырауына жол бермеуге мәжбүрлейді.

Сонымен қатар, мұндай облигацияларға зейнетақы қорының қаражатын да салуға болады.

— Зейнетақы жинақтарын инвестициялауға халықтың сенімін арттыру мәселесі әлі күнге дейін шешімін таппай келеді, — деп түйіндеді мәжілісмендер.

 

kaz.365info.kz




Көрілген: 1566    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.05.2020, 00:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30