Нарық

Жол картасы аясында 1,2 млн адам жұмысқа тартылады - министр

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Биыл 1,2 миллионнан астам адам жұмыспен қамту шараларына тартылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

 

Министрдің айтуынша, барлық өңірде 2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, басқа да мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруды қамтитын кешенді жоспарлар бекітілген.

 

«Барлық іске асырылып жатқан бағдарламалардың әлеуетін ескере отырып, 2020 жылы жұмыспен қамтуды ынталандыру шараларына 1 миллион 220 мың адамды тарту мүмкіндігі бар. Соның ішінде 855 мың адам ЖҚЖК және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша назарға алынса, басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша жергілікті және орталық атқарушы органдар қосымша 364 мың адамды қосымша қамтуды жоспарлап отыр», – деді Біржан Нұрымбетов.

 




Көрілген: 410    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.05.2020, 12:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31