Нарық

Жүк көліктері үшін ІІ, ІІІ санаттағы жолдарды пайдалану құны арзандайды

  • https://dvizhok.su/

    https://dvizhok.su/

Алдағы уақытта ақылы жолдардың саны мыңға дейін артады. Қазір олардың саны 1800-ге жетіп отыр. Осы орайда, QazAvtoJol ҰК АҚ басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы неліктен ақылы жолдар енгізіле бастағанын түсіндірді. Бұл туралы ол Baqkz ақпарат агенттігінің «Желмая» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

 

«2010 жылдан ақылы жолдарды енгізу басталғанын білесіздер. Осыған байланысты халық арасында үлкен дау-дамай, әңгіме болды. Жаздыгүні жолды пайдаланушылар ереуілге шығып, жол бойында біраз әңгіме айтылды. Бюджет жетіспеушілігі салдарынан халықаралық тәжірибені ескере отырып, ақылы жолдарды енгізе бастадық. Мысалы, бүгінгі таңда біздің барлық жолды күтіп ұстау үшін 46 млрд. теңге қаражат қажет. Ал қазір 22 млрд. теңге бөлініп отыр. Қалған қаражатты Үкіметтің беруге жағдайы жоқ. Өйткені, Үкіметтің мойнында әлеуметтік нысандар салу, айлық көтеру, таза сумен қамтамасыз ету, мектеп құрылысын жүргізу керек деген сияқты үлкен міндеттемелер бар. Осындай міндеттері көп болған соң, жолды күтіп ұстауға бөлетін қаражат жетпейді. Сол себепті, біз ақылы жолдарды енгізіп, әрі қарай нормативтік деңгейде, халықаралық нормаларға сай күтіп ұстағымыз келеді. Ақылы жолдарды енгізуіміздің себебі осы», – деді Асқар Мұратұлы.

 

Сондай-ақ, басқарма төрағасы І санаттағы тағы 6 жол салуды жоспарлап отырғанын айтты. Олар Нұр-Сұлтан-Павлодар, Шымкент-Ташкент, Щучинск-Көкшетау, Тараз-Шымкент, Шымкент-Қызылорда және Қапшағай-Талдықорған бағыттары бойынша салынбақ. Барлығы бірінші санаттағы жолдар болған соң, бұрынғы ескі тарифпен қалады.

 

«Біздің жоспар бойынша, 2 800 ақылы жол енгізуіміз керек, ал қазір олардың саны – 1800. ІІ санаттағы жолдардың төлеу құны төмен болады. Ал ІІІ санаттағылардың төлеу құны одан да төмен болмақ. Жол ғылыми зерттеу институты бүкіл тарифті санап, есептеп берді. Біз оны «Атамекен» палатасы мен басқа да мемлекеттік органдарға жіберіп, солармен келіссөздер жүріп жатыр. Келісімін алғаннан кейін барлығын халыққа көрсететін боламыз. Есептерімізді айтып түсіндіреміз. Жеңіл көліктерге 1 теңге күйінде қалды, ешқандай өзгеріс жоқ. ІІ, ІІІ санаттағы жолдармен жүретін жүк көліктеріне төлеу құны азаяды», – деп түсіндірді Асқар Мұратұлы.

 

Мұнымен қатар, ол жүк тасымалдайтын көліктерден жүктемені нормаға сәйкестендіруді өтінді. Айтуынша, артық жүк жол сапасын бұзады. Ал оны күтіп ұстауға бөлетін қаражат жеткіліксіз.

 

 

 

 




Көрілген: 719    Пікірлер: 0

сенбі, 11.09.2021, 22:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31