Нарық

Жұмыс беруші зейнетақы және әлеуметтік төлемдерін аударғанын қалай көруге болады

  • Жұмыс беруші зейнетақы және әлеуметтік төлемдерін аударғанын қалай көруге болады

    Жұмыс беруші зейнетақы және әлеуметтік төлемдерін аударғанын қалай көруге болады

Қазақстандықтар смартфон арқылы жұмыс берушінің жалақы, табыс салығы, медициналық сақтандыру аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін аударып-аудармағанын қалай тексеруге болады? Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті (МКД) қызметкерге есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдардың сомаларын қарауға мүмкіндік беретін e-Salyq Azamat мобильдік қосымшасындағы "қызметкердің еңбегіне ақы төлеу" жаңа сервисі іске қосылады.

Қазіргі уақытта сервис 2020 жылдың барлық кезеңдерінде қолжетімді.

 

 


“Егер электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен кірсе немесе SMS-құпиясөзді пайдалана отырып авторландыру кезінде жүзеге асырылса, деректер қолжетімді болады. SMS мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) тіркелген ұялы телефон нөміріне түседі”, – Маңғыстау облысы бойынша МКД баспасөз қызметі.

Деректерді қарау үшін "салық әмияны", "қызметкердің еңбегіне ақы төлеу" қосымша бетін таңдап, ары қарай жыл мен кезеңді таңдау қажет.

Деректерді жұмыс берушілері жалпыға бірдей белгіленген режимді немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар қарай алады.

Мәліметтер болмаған немесе деректер сәйкес келмеген кезде салық есептілігін түзету үшін жұмыс берушіге жүгіну қажет.




Көрілген: 926    Пікірлер: 0

жұма, 16.07.2021, 12:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қыркүйек, 20:36
    TEDxAstana конференциясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30