Нарық

"Жұмыс визасын алу үшін кәрістерге тұрмысқа шығуда": Биыл 21 мыңнан астам қазақстандық шетелге кеткен

  • "Жұмыс визасын алу үшін кәрістерге тұрмысқа шығуда": Биыл 21 мыңнан астам қазақстандық шетелге кеткен

Биыл жыл басынан бері бүгінге дейін 23 мыңдай адам шетелге кеткен. Ресми дерекке сенсек, педагогтар, техникалық мамандық иелері мен экономистер биыл көп кеткен. Мұның себебі неде? Қазақстандықтардың шетелге ағылуы мемлекетке қалай әсер етпек? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

"Білімін алып, ағылшын тілін үйреніп, АҚШ мемлекетін көру мақсатында келгенбіз", – дейді АҚШ тұрғыны Асхат Бегішев.  

 
"Осы жақта жұмысқа орналасқым келеді", – дейді магистрант Азиза Жүрсін. 

"Біз бұл елді таңдағанда ең бірінші білім сапасына мән бердік. Елден көшуге біз 5 жылға жуық дайындалдық. Шет тілін үйрендік, көшетін мемлекетті таңдадық және де артығымен керек болып қалар деп ақша жинадық", – дейді Кипр тұрғыны Салтанат Түгелбаева. 

"Мен таңғы сағат 8-де осы асханаға келемін. Асханадан кешкі сағат 7-8 ге дейін істеп, жұмысымды аяқтап кетемін. Сол уақытқа ақы маған сағатына төленеді", – дейді жұмысшы Бақыт Арынбекова. 

Салтанат сапалы білім мен балаларының болашағы үшін шет елде тұруды таңдаған. Таңдаудан қателеспегеніне қуанышты. Бір жылдан асты оқу мен отбасын, бала мен жұмысын қатар алып жүр.  

"Кореяда адамға қарайды. Егер шымыр болсаң, ауыр жұмысқа жібереді. Ауыр жұмысты жақсы істесең, олар көп ақша төлейді. Ол жақта ақыны сағатына төлейді. Біздегі сияқты айлық жалақы жоқ", – дейді елорда тұрғыны Сүйіндік Асқарұлы. 

Тіл білмесе де, күнбе-күн жұмысқа жалданып еңбек етсе де Сүйіндік мойымағанын айтады. Ол екі жыл ішінде 20 млн теңге тапқан.

Статистика сүйенсек, 2021 жылдың жарты жылында елімізден кеткендер саны 22825 мың адамға жеткен. Басым көпшілігі Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар, Қостанай және Алматы қалаларының тұрғындары. Карантинге қарамастан эмигранттар саны бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында көш басында тұр.

Самат Ахметов те бастапқыда Кореяда басқалары секілді заңсыз жүрген. Кейінірек, басшылығының көмегімен еңбек визасын рәсімдеген. 

"Жұмыс визасын алу үшін кәріс жерінде отбасыларын құрып жатыр. Ресми ақпараттарға сүйенетін болсақ, осы уақытқа дейін 60-тан астам қазақстандық қыз-келіншектер кәрістерге тұрмысқа шыққан болса, олар 200-ден астам сәби дүниеге алып келген", –дейді Оңтүстік Кореяның Чинчон еңбек мигранты Самат Ахметов.

АҚШ-та Асхаттың да екінші баласы дүние келген. Олардың АҚШ-да тұрып жатқандарына биыл 3 жыл болған. Қазіргі өмірі өзіне ұнайтынын айтады.

"Америкада қазіргі уақытта тұрақты экономика, жақсы білім, кез келген адамға барлық мүмкіндіктер жасалған. Шет елден келген адамдарға да керемет жағдай жасалған. Сондықтан өзімізге ұнайды", – дейді АҚШ тұрғыны Асхат Бегішев.

Әлеуметтанушы Рамазан Саттарұлы отандастарымыздың бір күндік дүние үшін туған жерінен жырақтап кетуі ойланарлық мәселе дейді.

"Елдің ішінде ол азаматтардың нақты қасиет-қабілеттілігі қажеті жоқ немесе дұрыс бағаланбайды. Шын мәнінде де біздегі мамандардың біліктілігі деңгейіне шет елдің экономикасы соған зәру. Мұндай жағдайда біз тек қана қуанамыз ғой. Ал енді тек қана қара бастың қамын ойлап, тек қана ақша табудың жолымен басқа жұртты кезіп жүрген ағайындар, олардың енді бұл тіршілігі өздеріне жағымды болса да, ұлтқа жағымсыз, ұлттың қауіпсіздігіне үлкен қатер", – дейд маман.   

Шет елге көшіп жатқандардың басым көпшілігі техникалық мамандар, экономисттер педагогтар, және медицина саласының қызметкерлері. Бұл тікелей ел экономикасына да әсер ететіні сөзсіз. Яғни, дамыған елге дамушы елден барған азамат сол елдің өркендеуіне өз үлесін қосады.

"Өкініштісі, осы жоғары білікті мамандардың кетуі. Ал, енді сол кетіп жатқандардың арасында төмен біліктілігі жоқ адамдар өте аз. Осы нәрсені тоқтату үшін біздің Қазақстанда осы білікті мамандарға деген сұранысты, білікті мамандарға деген көңілді, айлық мәселесін, оларға беретін еркіндіктер мәселесіне біз көбірік жұмыс істеуіміз қажет", – дейді экономист Сапарбай Жобаев.

Соңғы бес жыл ішінде елімізден шет елге көшуге құжат рәсімдегендер саны 200 мыңнан асқан. Бұл көрсеткіш жыл сайын артуда.  Шетелге асқандардың көбі 20 мен 35 жас аралығындағы жастар.  




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.09.2021, 12:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31