Нарық

Жұмыссыздық және әлеуметтік төлем: кімдер алады, қалай тағайындалады

  • Жұмыссыздық және әлеуметтік төлем: кімдер алады, қалай тағайындалады

    Жұмыссыздық және әлеуметтік төлем: кімдер алады, қалай тағайындалады

Жұмыссыз қалған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себебіне қарамастан жүзеге асырылады. Елімізде 80 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, 1 тамыздағы жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 77,9 мың адамды құрады. Биыл 52 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды.

Әлеуметтік төлем кімдерге тиесілі
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыссыз қалған азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. Төлем жоғалған кірістің 40%-іне дейінгі мөлшерде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражатынан төленеді.

Әлеуметтік төлемді рәсімдеу қалай жүргізіледі
Төлем тағайындалу үшін жұмыссыз қалған азамат:

eGov.kz порталында авторизациялану;
"Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
 онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде жұмыссыз мәртебесі беріледі. Ол қашықтан жүзеге асырылады (қажет болған жағдайда сізге халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады).
Бұл қызметті онлайн режимінде электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде министрліктің ақпараттық жүйесі төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен жұмыссыз қалған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себебіне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыс іздеу кезеңде қолдауға арналған.

Айта кетері, министрлік еліміздің 40 қаласының тұрғындары үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын қашықтан жүзеге асыру мақсатында электрондық еңбек биржасы қызметін іске қосты.

Пилоттық жоба жұмыссыздарды тіркеу рәсімін жеңілдету және жұмыспен қамтуды қолдау бойынша мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде жұмысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдерді алуды жеңілдету үшін іске қосылды.

Енді барлығын тек интернет, компьютер және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы ғана жасауға болады.


Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/society/20210817/17879730/Zhumyssyzdyk-aleumettik-tolem.html




Көрілген: 1372    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.08.2021, 12:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31