Нарық

Жуырда ашылған Түркістан әуежайы қаңырап бос қалуы мүмкін

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Жуырда ғана салтанатты түрде ашылған Түркістан әуежайы қаңырап бос қалуы мүмкін. Себебі, халықаралық деңгейге көтерілеміз деген «Әзірет Сұлтан» әуежайына тіпті отандық «СКАТ» пен «Қазақ Эйр» әуекомпаниялары да ұшып-қонудан бас тартты.

 

Ролан Ибрагимов, Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

 

- Негізінде Түркістан әуежайынан үш әуекомпания ұшырылатын. Оның ішінде «Қазақ Эйр» мен «СКАТ» бар. Өкініштісі, «СКАТ» пен «Қазақ Эйрге» сұраныс аз болды. Олардың борты жартылай және 42 пайыз көлемінде толады. Ал «Флай Арыстандікі» &ndash 92-100 пайыз. Сол себептен уақытша ұшырылмайды.

 

Түркістанға қатынаудан бас тартқан қос әуе компанияның да билет бағасы қымбат. Сондықтан жолаушылар арзан әуе компаниясын таңдайды екен. Жолаушы аз, шығын көп болған соң, әуе рейсін мүлде тоқтату туралы шешім қабылданыпты.

 

Оның үстіне қаңтар айында ауа райы қолайсыздығынан оннан астам рейс ұшырылмаған.

 

«Әзірет Сұлтан» әуежайы 69 миллиард теңгеге салынып, жылына 3 миллион жолаушы қабылдайды деп жоспарланған.

 

Тіпті туристер нөпірі көбейіп, Түркістаннан, Мекке мен Стамбулға әуе рейстерін ашу көзделген.

 

Алайда екі ай бұрын ашылған әуежай шетелдіктер түгілі, отандық жолаушыларға да қажет болмай қалды.

 

 

ktk.kz




Көрілген: 2256    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.02.2021, 12:58

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30