Нарық

Жыл басынан бері 816 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды

  • Жыл басынан бері 816 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды

    Жыл басынан бері 816 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды

Биыл атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бюджеттен 122,8 миллиард теңге бөлінді. 2021 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша 168,3 мың отбасындағы 816,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.  

Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 миллиард теңге бөлінді.

"АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нен төмен азаматтарға тағайындалады", - деп хабарлады ведомство.
Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына толмаған балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

2021 жылғы 1 шілдеде АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 201,5 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия заттарының жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрлігі орташа зейнетақы мөлшерін жариялады 

Естеріңізге сала кетейік, АӘК алушыларға ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты 2020 жылғы II, III және IV тоқсандарда, сондай-ақ 2021 жылғы I, II тоқсандарда көмек тағайындау ұзартылды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады.




Көрілген: 904    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.07.2021, 19:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қыркүйек, 20:36
    TEDxAstana конференциясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30