Нарық

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 5,7% қымбаттаған

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Әсіресе, картоп, сәбіз, пияз және қарақұмық бағасы көп өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Дегенмен сауда және интеграция вице-министрінің айтуынша, соңғы үш айда азық бағасының тұрақтануы байқалады. Жалпы жыл басынан бері азық-түлік бағасының қымбаттауына қатысты 290 арыз-шағым түскен. Әлеуметтік маңызы бар тағамдардың бағасын көтергені үшін 13 кәсіпкердің ісі тергеуге жіберілді. Тауар бағасын жоғарылатқаны үшін 5 кәсіпкерлік нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 млн теңгеден астам айыппұл төледі.

 

Айта кетерлігі, індеттің екінші толқыны болған жағдайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке шекті баға қайта орнауы мүмкін.

 

Естеріңізге салсақ, көктемдегі төтенше жағдай кезінде 9 түрлі тауарға осындай шекті баға белгіленген еді. Қазір еліміздің тұрақтандыру қорында 35 мың тоннаның азық-түлігі жасақталған.

 

Азамат Асқарұлы, ҚР сауда және интеграция вице-министрі:

 

– Егер әлеуметтік тауарға баға өссе, сауда және интеграция министрлігі шекті баға қоюға дайын. Ең бастысы, әрине, азық-түлікті қамтамасыз етілген көлемі, осы қазір ғана ауыл шаруашылығы вице-министрі айтып отыр, қазіргі кезде көкөніс және басқа да азық-түлік көлемі жеткілікті. Сондықтан бағаның өсімін біз 6-7 процент көлемінде күтіп отырмыз.

 

24.kz




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.07.2020, 22:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31